№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бала болашағы бастауышта қаланады

Бала болашағы бастауышта қаланады


Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуы, тәрбиесі мен білімінің баспалдағы бастауышта қаланатыны ақиқат. Төрт жылда тәрбие мен білімнің нәрін бойына сіңіре білген баланың болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан бастауыш пәні ұстаздарына артылар жүк жеңіл емес. Қазіргідей нарықтық заманда әр үйдің ерке баласын тәрбиелеп шығару өте қиын. Балабақшадан келген баланың білім іргетасын берік қалауы үшін педагогтердің біліктілігі маңызды рөлге ие. Мұны қоғамда көріп те, естіп те жүрміз. Осы орайда, аудан орталығындағы Ж.Өскенбай атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Динара Досанова туралы сөз өрбіткіміз келеді.


Расында, баланың болашақтағы білімінің қандай болуы бастауыштағы алған тәрбиесіне байланысты. Сол үшін кез келген ата-ана бастауыш мектеп ұстазына аса қатты мән береді. Он жылдық ұстаздық тәжірибесі бар Динара мұғалімнің әліппе үйретіп, әріп танытуына ата-аналар қауымы дән разы. Білім мен тәрбиені ұшатастыра отырып, әр шәкірттің санасына сәуле құя білетін ұстаздардың еңбегі қандай құрметке болса да лайық.
– Білім берудің бастауыш сатысы тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, күннен-күлге дами түскен оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану маңызды. Қазіргі күннің талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану оның тиімді әдісін ұсыну өзекті. Иә, әр баланың әріп үйреніп, дұрыс сөйлей алуы мұғалімінің басты міндеті, – дейді ұстаз.
Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білімге деген көзқарасын, ынтасын арттыру мақсатында сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдердің инновациялық және интерактивті әдістерді сабақ барысында пайдалануы сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне сеп.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты, ерекше құнды қайталанбас кезең. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытады, яғни сөйлеуін, оқуын, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда мұғалімнің атқаратын рөлі зор. Қазақта «жақсы ұстаз – шәкіртінің келешегі» деген тәмсіл бар. Міне, сөз басында тілге тиек еткен Динара Досанованың өмірлік тәжрибесінен осындай тұлғалық қабілетті, ұстаздық ұстанымды және біліктілікті аңғара аламыз.

Жұмазия ЕЛТАЕВА,
ата-ана комитеті

29 наурыз 2025 ж. 148 0