№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ұлттық дәстүр ұлықталған күн

Ұлттық дәстүр ұлықталған күн


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында кенттегі «Зейін» мектебінде ұйымдастырылған «Наурызнама дәмханасы» атты танымдық шара оқушыларға ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тағамдарды таныстыруға үлкен мүмкіндік берді. Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.


Алдымен оқушыларға Наурыз мерекесінің маңызы мен тарихы түсіндіріліп, халқымыздың ұлттық тағамдары туралы жан-жақты таныстырылды. Шәкірттерге наурыз көже, бауырсақ, қазы мен жая, суық, кеспе, ашытылған айран сынды тағамдардың құрамы мен шығу тарихы туралы түсінік берілді.
Жиында мектеп дирек­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Роза Низанбаева сөз алып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – бұл жаңа жылдың, табиғаттың жаңаруының, халықтың бірлігі мен ынтымағының мерекесі. Бұл күн – еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің қайта жаңғыртылуы, бабаларымыздың ұлағатты мұрасын ұлықтау сәті. Наурыздың тарихы тереңде жатыр. Бұл мереке табиғаттың жаңаруы ғана емес, рухани тазалықты, адамгершілікті, бауырмалдықты, сыйластықты дә­ріптейді. Бұл күнді әрбір отбасы жаңа бастамаларға, жақсылық пен берекеге толы ететін маңызды күн деп бағалайды. Мерекеге байланысты салт-дәстүрлеріміз де ерекше. Наурыз көже – халқымыздың бірлігін, татулығын білдіретін тағам. Оны әзірлеу барысында әр түрлі дәмдердің қосылуы, әр үйдің өз ерекшелігімен дайындалуы – біздің мәдениетіміздің көп қырлы екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Наурызда үлкендерге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, көмек көрсету – бұл да біздің ұлттық құндылықтарымыз, – деді Роза Низанбаева.
Салатантты шара одан әрі ұлттық ойындарға жалғасып, оқушыларға асық ату, арқан тарту, көкпар сияқты ойындар таныстырылды. Бұл ойындар өскіндерді тек дене шынықтыруға ғана емес, сонымен қатар командалық жұмысқа, тапқырлық­қа және шыдамдылыққа да баулиды. Атаулы танымдық шара оқушыларды ұлттық мәдениетке жақындатып, олар­ды өз халқының салт-дәстүрін тереңнен ұғынып, ұлттық құндылықтармен сусындауына үлкен септігін тигізді.

Жанна Тиметова
23 наурыз 2025 ж. 106 0