Наурыз – береКем, наурыз – мереКем
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді ұлықтай отырып рухты ұрпақ тәрбиелейтін ұлық мейрамымыз. Осы айтулы мерекеге орай аудан орталығындағы №163 мектептің 11 Б сыныбының жетекшісі Лаура Нұрланқызының ұйымдастыруымен Ұлыстың- ұлы күні Наурыз атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара басында ата-аналар мен оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы көрсетілді. Сахнада бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етілді. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталды. Арнайы көрнекілік ретінде безендірілген сахнаның әсем нақышты көрінісі де көпшілікті тәнті етті. Оқушылардың өнері бірінен-бірі асып түседі. Сахнада күй күмбірлеп, ән мен жыр қалықтады. Арнайы жыл басы Наурыз мерекесіне орай екі сахналық қойылым көрермендерге паш етілді. Тәрбиелік мәні зор, қазақтың ұлттық дәстүрін көрсете білген бұл көріністер ерекше көңіл-күй сыйлады. Жас түлектердің бар ынтажігерін салып, өнерлерін ортаға салған. Іс-шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Ахметжанова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбану Жапарова, сонымен қатар оқушылардың алғашқы ұстазы Ләззат Сыздықова қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Ата-аналар да өз пікірлерін білдіріп , мектеп ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді. Әне-міне дегенше мектеп табалдырығынан аттағалы тұрған бітіруші түлектер толқыныстары мен қимастық сезімдерін жасыра алмады. Оқушылар мен сынып жетекшісі Лаура Нұрланқызына алғыс айта отырып, түлектерге тек сәттілік серік болсын дейміз.
Ботагөз БЕКМАХАНОВА