№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Ұлыстың ұлы күні» сөресінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді

«Ұлыстың ұлы күні» сөресінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді

Наурыз мерекесіне арналған тағылымды іс-шаралар бес бөлімнен тұратын кітап көрмесімен жалғасты. Оқырман қауымына көрмені Ғылыми кітапхананың әдіскері Сәуле Үйсінбаева таныстырды. «Ұлыстың ұлы күні» сөресінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, Наурыз мерекесі туралы кітаптар қойылған. Екінші сөреге университеттің тарихы туралы кітаптар мен «Хабаршы» журналының соңғы сандары оқырман назарына ұсынылды. Үшінші, төртінші кітап сөрелеріне оқытушылардың соңғы үш жылдағы еңбектері қойылған. Бесінші сөреге рухани жаңғыру бағытындағы әртүрлі кітаптар және Оксфорд университетінде жарық көрген қазақша сөздік оқырман қызығушылығын оятты.
Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Kitap Al» дүкенінің директоры Абдулла Тоғанаспен бірлесіп оқырмандарға әртүрлі жанрдағы кітаптарды қолжетімді бағада ұсынды. Акция кітап сүйер қауым үшін оңтайлы ұйымдастырылған. Кітап дүкеніне барып қалаған кітабын сатып алуға сәті түспей жүрген оқырмандар өздері іздеп жүрген бірнеше кітаптарға қол жеткізді.
23 наурыз 2024 ж. 56 0