Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада «Сергек» камералары арқылы 66 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді

Қызылордада «Сергек» камералары арқылы 66 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді

Kyzylorda-news.kz «Сергек» камералары орнатылғалы қызылордалықтардан 66 млн теңгеге жуық айыппұл өндірілді.
Өткен жылдың шілдесінен бері Қызылорда қаласында пилоттық режимдегі «Сергек» жобасы аясында 100 бейнебақылау камерасы, 10 стационарлық жылдамдық өлшеу қондырғысы орнатылған болатын. 
– Соның көмегімен жол қозғалыс ережесін бұзудың 5241 дерегі анықталып, 66 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Халық арасында «камераларды айыппұл төлету үшін көптеп орнатып жатыр» дегендей әңгіме жүр. Шын мәнінде олай емес. Негізгі мақсат – тұрған жеріміздің тазалығын қадағалау, қылмыстың алдын алу, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Қытайда орта есеппен 200 млн, Америка мен Еуропада 40-50 млн камера бар, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла. 
Қазіргі күні облыс орталығында 272 бейнебақылау камерасы бар. Оның санын жыл соңына дейін 1400-ге жеткізу жоспарланып отыр. 
19 наурыз 2025 ж. 595 0