№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» Жаңақорғанда "Ынтымақ күні" өтті

Жаңақорғанда "Ынтымақ күні" өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтымақ күні» болып жарияланды. Атаулы күні Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округінде ерекше дайындықпен, керемет көңіл-күйде «Наурыз - көктем шуағы!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы Жаханов арнайы қатысып, жиналған көпшілік қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті.
Театрландырылған қойылымдармен басталған мерекелік шара аясында қазақи әдет - ғұрыптар дәріптеліп, «Тұсау кесер», «Сырға салу» секілді тағы да басқа ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, этнокөрме, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Алтыбақан орнатылып, киіз үйлер тігілді.
---
21 наурыз 2024 ж. 524 0