№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» Жұмысшы мамандығының беделі артады

Жұмысшы мамандығының беделі артады

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады. Қазіргі таңда өңірде 28 колледж бар, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz сайты Syrboyi.kz-на сілтеме жасап. Оның ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырып келеді.
«Ауыл шаруашылығы саласында істегеннен кейін біз маманның жетіспейтінін  білеміз. Қазір көбі зейнет жасына келген немесе зейнет жасынан асқан адамдар да жұмыс істеп жатыр. Ауылға керек мамандықтар – су маманы, көлік жүргізушісі және аспаз. Осы мамандықтарды көптеп оқытса дейміз. Көлік жүргізушілері мен механизаторлар жұмыс істегеніне қарай табыс табады ғой. Мысалы, маусымның кезінде олардың алды 350 000 теңгеге дейін алады», – дейді «Жаңажол»  ЖШС директоры Орынбасар Төлепов.
---
10 қаңтар 2025 ж. 96 0