Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президент елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Президент елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Фото:Liter.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш – баспана екенін атап өтеді.
“Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған "Отау" ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын.
Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады. Құрылыс саласында жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үй алуына жол ашады”, – дейді Тоқаев.
17 наурыз 2024 ж. 364 0