№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Десантшы қыз II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Десантшы қыз II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Kyzylorda-news.kz  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балжан Мұсатаеваға Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті. Бұл сыйлық оған ерекше еңбегі, ерлігі мен Отанға деген адалдығы үшін берілді.
Әріптестері лейтенант Мұсатаеваны қошеметпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.  Құрмет қарауыл ротасы  салтанатты шараның сәнін келтірді.
"Бұл марапат менің ғана жетістігім емес, Мен оны еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосқан Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Қарулы күштерінің барлық әйелдерінің жанқиярлық еңбегін бағалау деп білемін", - деп атап өтті Балжан.
Балжан Мұсатаева – парашют жүйесін ұшыру желісінде өз бетінше жұмыс істеуге, сондай-ақ оны бақылау мен тексеруге құқығы бар Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі әуе-десанты даярлығын жүргізетін бірден-бір әйел нұсқаушысы. Ол парашютпен жүзден аса секірген.
12 наурыз 2025 ж. 779 0