№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үздіктер марапат мінберінде

Үздіктер марапат мінберінде


Ұлттық мереке Республика күніне орай “Өнер орталығында” облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Шараға құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысып, мағыналы кештің куәсі болды.

Ұлттық мереке күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақордада өткен салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын. Өзінің осы құрмет төрінен табылуы бір өзінің ғана емес, тұтас Сыр елінің ортақ игілік үшін төккен терінің нәтижесі екенін жеткізген аймақ басшысының лебізі төмендегідей өрілді:
– Баршаңызды еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтымыз ұлықтаған атаулы күнді Сыр өңірі толағай табыстармен қарсы алуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы – Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды аймақ деп оң бағасын берді.
Егемендікке қол жеткізуді аңсап, өмірін күреспен өткізген ата-бабаларымыздың асыл арманы Тәуелсіздігімізді баянды ету – бүгінгі ұрпақ үшін жауапкершілігі зор міндет. Баршаңызды Республика күнімен тағы да құттықтап, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, толайым табыстар тілеймін. Еліміздің өркендеуі жолындағы адал қызметтеріңіз табысты, еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! – деді аймақ басшысы.
Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар шеңберінде қаржыландырудың барлық көзінен биыл 863 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Құттықтау лебізінен кейін аймақтың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Атап айтсақ, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Тағы 7 азаматқа «Парасат», 15 азаматқа «Құрмет» ордені, 22 азаматқа «Ерен еңбегі үшін», 2 азаматқа «Шапағат» медалі мен «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Республика күніне орай ұйымдасты­рылған іс-шара мерекелік концертке ұласты.

«Ж.Т» ақпарат
25 қазан 2024 ж. 226 0