№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «AMANAT» партиясы аналарға құрмет көрсетті

«AMANAT» партиясы аналарға құрмет көрсетті



Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Бүгінде қыз-келіншектердің қоғамның қай саласында да белсенді, беделді, қай салада болмасын іздері бар. Міне, 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесі де келіп жетті.
Осы атаулы мерекеге орай, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы "Орталық" бастауыш партия ұйымының төрайымы А.мамировамен бірге әйелдердің халықаралық мерекесіне әрі «Жұмысшылар жылына» орай бірқатар аналарды партия филиалының алаңында құттықтап, марапаттады.

Мерекелік кеште «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы аналарға ақ ниетпен ізгі тілегін білдірді:
– Құрметті аналар шуақты көктемнің шұғылалы күнінде келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын! Бақыт балалы үйге қонады дегендей, сіздер бақыттысыздар, әрі батырсыздар. Баланы өмірге әкеліп, оларды өсіріп, білім беріп, қоғам игілігіне пайдасын тигізетіндей етіп тәрбиелеу аналардың қажырлы еңбегінің, нағыз ерлігінің белгісі. Соған қарамастан сіздер жұмысты да, үй тірлігін де, бала тәрбиесін де қатар алып жүрсіздер. Осындай еңбекқор аяулы жандарды марапаттап құттықтау – біздің айнымас дәстүрімізге айналған. Әрқайсыңыздың жанұяңызға ырыс-ынтымақ тілеймін, – деп түйіндеді тілегін.
Шара барысында аналарымызға аудандық партия филиалының төрағасы А.Мажитовтың "Алғыс хаты" мен "Құттықтауы" табысталды.
Шара соңында аналарымыз мерейлі мерекеге арнайылап шақырып, алғыс білдіріп отырған партия ұжымына алғыстарын білдірді.
Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген аналарға көтеріңкі көңіл - күй сыйлау.
07 наурыз 2025 ж. 147 0