» » Аяулы ана, білікті маман

Аяулы ана, білікті маман


Ең маңыздысы ел тыныштығы
қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындау, халық пен биліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерінің ең басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, жауапкершілік жүгі ауыр салада еңбек ететін құқық қорғау саласының қызметкерлері уақытпен санаспайды. Ішкі тәртіп осындай. Осы саланы таңдап, бүгінде ауданның ішкі тәртібінің тыныштығын қорыған, заты нәзік болғанымен мойнына ауыр жүк арқалаған полицейлер жоқ емес. Солардың қатарында бөлімге бекітіліп, іс-құжаттармен айналысатын Гүлмира Сабырқызының да өзіндік қолтаңбасы бар.
Гүлмира Жүсіпованы көпшілік тани бермеуі мүмкін. Өйткені көше тыныштығын емес, іштегі құнды құжаттармен қырағы жұмыс жасайтын маман. Алдымен кейіпкеріміздің өмірбаянынан бастайық. Сақшы қыз Жаңақорған кентінде дүниеге келген. №56 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 тамамдап, Түркістан қаласындағы «Болашақ » колледжіне « құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2010 жылы оқу орнын бітіріп, 2012 жылы мамандығым бойынша Жаңақорған ауданының ішкі істер бөліміне мамандығым бойынша жұмысқа орналасқан.
– Заңгер болу, жалпы құқық қорғау саласында қызмет жасау менің бала кезгі арманым болды. Уақыт өзі таразылап, 10 жылдан астам уақыт осы салада келе жатырмын. Оқуды аяқтап, 2012 жылы Жаңақорған ауданыңың полиция бөлімінің құжаттамалық қаматамасыз ету тобының іс қағаздарын жүргізушісі болып қызметке орналасып, қазірге дейін абыройлы еңбек етіп келемін, – деді ол.
Уақыт өткен сайын тәртіп сақшысы мамандығын жетік меңгерген қыз-келіншектердің қатары артып келеді. Бұл сала ішкі істер органы болғасын ерлер немесе әйелдер деп бөлінбейді. Ереже, тәртіп бәріне бірдей. Осы түздегі темірдей тәртіпке бағынған сақшы қыздарды қалай дәріптесек те жарасымды. Гүлмира Сабырқызы қызметер ғана емес, ол ана, жар. 1 ұл және1қыз тәрбиелеп отырған жан.
– Арулар нәзік жаратылыс екеніне таласым жоқ. Дегенмен қыз жаны жұмсақ болғанымен, мінез болуы керек. Міне сол мінез әр әйелді тәуекелшіл етеді. Менің ең басты мақсатым – ішкі құжаттардың дұрыс, әрі тәртіпті тұруын қадағалау. Өз жұмысымды жауапкершілікпен адал атқаруға тиіспін, – дейді Гүлмира Жүсіпова.
Иә, полиция қызметі – батылдықты, өжеттілікті, қайсарлық пен табандылықты, іскерлік пен білімділікті талап ететін ауыр сала. Дегенмен, осы қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада қызмет пен отбасын қатар алып жүрген аруларға құрмет көрсету азаматтықты білдіреді.
06 наурыз 2025 ж. 333 0