Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан мен Канада авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Қазақстан мен Канада авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Көлік министрлігі ғимаратында Марат Қарабаев пен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганның кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөз барысында авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар әуе қатынасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және авиациялық тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сондай-ақ, Қазақстанда шағын авиацияны дамыту үшін De Havilland ұшақтарын сатып алу перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі талқылап, келесі қадамдарды нақтылау үшін байланыста болуға келісті.
Фото: Көлік министрлігі
03 наурыз 2025 ж. 514 0