№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Байқоңыр" кешенінің негізгі мәселелері талқыланды

"Байқоңыр" кешенінің негізгі мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкімет төрағасының орынбасары- Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.
Кездесуде "Байқоңыр" кешенінің негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш- зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру барысына ерекше назар аударды. Жоба бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен жасалған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Кездесуде жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.
Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымын құруға және "Бәйтерек" ғарыш- зымыран кешенін жаңғыртуға жауапты.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласының даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге және шығуға рұқсат беру құжаттарын электронды рәсімдеу мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "Байқоңыр" кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту үшін өзара іс-қимыл жасауға келісті.

22 наурыз 2024 ж. 165 0