Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 409

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Балғындар алғыс айтқан күн

Балғындар алғыс айтқан күн

Мамыражай көктемнiн алғашқы кунi “Алғыс айту” мерекесі барлық жанға жылылық сыйлайтын ерекше мейрам. Көңілге қуаныш қонақтап, көгілдір көктемге ақ ниет, ізгі тілек-лебізбен қадам басатын бұл күннің орны ерекше.

Алғыс айту күнінде адам баласының бойындағы асыл қасиеттер – патриотизм, табиғатқа құштарлық, жақсылыққа ұмтылыс кісіге сергек көңіл-күй сыйлайды. Бұл күні ризашылықпен ата-аналарымызға, туыс-бауыр мен жақынға алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.
Алғыс айту күні – адамзат ара­сындағы сүйіспеншілік пен ма­хаб­батты арттыра түсетін айтулы мереке. Жақынға, дос-жаран мен құрбы-құрдасқа жүрекжарды тілек білдіріп, ақ пейілмен алғыс айта­тын күннің келгеніне қуанышын бал­дырғандардың күлімдеген көзінен танығандаймыз. Осы айтулы мерекені "Айгөйлек” бөбекжай бақшасы көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.
Осылайша, сыйластық пен мейірім артып, бауырмалдық пен адамгершілікке баулитын мерекенің қызығын бақытты балақайлар­­мен бірге атап өтiп, бақша iшi ерекше күйге бөленді. Шара бары­сында "Балауса" тобының балғындары әуелете ән салып, мың бұрала билегендеріне куә болдық. Айтулы шара одан әрі ата-аналар мен кішкентай балалардың арасындағы қызықты ойындар мен сергіту сәттеріне ұласты.
Бала бойына ізгі қасиет­терді сіңіруде тәрбиешінің ұс­танымы үлкен мәнге ие. Білім мен шығармашылық қабілетін шебер ұш­тастыра білетін осындай періштелер мекенiнен адамгершілікті бойға жиған білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиеленіп шығары анық.

Динара ҮСЕНОВА

01 наурыз 2025 ж. 262 0