Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғыс күні – айтулы мереке

Алғыс күні – айтулы мереке


Мамыражай көктем күлімдеп кіре сала Алғыс айту күнін тойлап жатқанымызға биыл сегізінші жыл. Көңілге қуаныш сыйлап, көгілдір көктемге ақ ниет, ізгі тілек-лебізбен қадам басатын бұл күннің орны да ерекше.
Алғыс айту күнінде адам баласының бойындағы асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін сыйлайды. Бұл күні ризашылықпен ата-аналарымызға, туыс-бауыр мен жақынға алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.


Алғыс айту күні – адамзат ара­сындағы сүйіспеншілік пен ма­хаб­батты арттыра түсетін айтулы мереке. Жақынға, дос-жаран мен құрбы-құрдасқа жүрекжарды тілек білдіріп, ақ пейілмен алғыс айта­тын күннің келгеніне қуанышын бал­дырғандардың күлімдеген көзінен танығандаймыз. 1-наурыз күні Тү­гіскен ауылындағы №209 Әнуар Әбутәліпов атындағы мектептің бас­тауыш сы­нып оқушылары атал­мыш мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. 4 "ә" сыныбы­ның жетекшісі Ұлдаш Құлымбетова­­ның ұйымдастыруымен өткен шарада бастауыш сыныбының оқушылары ата-аналары, бас­қа да жақындарына хабарласып, кіршіксіз, жүрекжарды тілектерін айтып, көктемнің келуімен құттықтап, алғыс білдіріп жатқанына куә болдық. Күтпеген телефон қоңырауындағы баласының дауысын естіген ата-ананың да қуанышы ерекше.
Айтулы мереке туралы мектеп директоры Лаура Үсенбекова лебізін төмендегіше өрбітті:
– Кішпейілділік, кешірімді бо­лу, алғыс айта білу секілді асыл қасиет­терді кішкентай балаларға дарыту ұстаз алдындағы абырой­лы мін­дет. Осындай жауапкершілік­ті қолға алып, жоғары дәреже­де ұйымдасты­рып отырған Ұлдаш Құлымбетоваға алғысымыз шексіз. Мерекелік шараға сыйлап, ба­рынша атсалысып отырған оқушы­ларымыздың болашағынан зор үміт күтеміз. Көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Достық, бауырлық ынтымағымыз арта берсін.
Көңілге қуаныш ұялатып, әдемі жүзге күлкі сыйлайтын балдыр­ған­дардың тілек лебізін өз алдына, мектеп қызметкерлерінің де жақы­нына алғыс айту сәтінен түсірілген видеоролик­ке куә болдық. Тірлік күйбеңімен жүрген кісілердің де біршама уақыттан кейін ата-анасы­на хабарласқан сәттегі дауыстары­нан жылулық пен мейірім анық байқалды. Осылайша, сыйластық пен мейірім артып, бауырмалдық пен адамгершілікке баулитын мерекенің қызығын, бақытты балақайлар­­мен бірге тамашаладық. Шара бары­сында 4 «ә» сыныбының оқушыла­ры Арсен Құдайберген мен Азинұр Мамрайханның орындауында әсем ән тыңдап, Айзере Айдарбек, Кари­ма Молдахмет, Айару Тойлыбай, Ін­жу Молдахмет сынды оқушылардың биіне куә болдық. Айтулы шара одан әрі ата-аналар мен оқушылар арасындағы қызықты ойындар мен сергіту сәттеріне ұласты.

ТҮЙІН: Бала бойына ізгі қасиет­терді сіңірудегі ұстаздың ұс­танымы үлкен рөлге ие. Білім мен шығармашылық қабілетін шебер ұш­тастыра білетін ұлағатты ұстаз­дың алдынан адамгершілікті бойға жиған білімді шәкірттер тәрбиеленіп шығары анық.

Жәмила Ермахан
05 наурыз 2024 ж. 269 0