Несие алуға қоңырау арқылы тыйым салуға болады
Енді қазақстандықтар өздерін алаяқтар мен қажетсіз несиелерден қорғау үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыс ботының көмегімен несие алуға тыйым сала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қалай жұмыс істейді?
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз (тегін);
- Тілді таңдаңыз: қазақша
- "Несиеге тыйым салу" деп айтыңыз;
- Дыбыстық белгі берілгеннен кейін ЖСН енгізіңіз;
- SMS-код алып, әрекетті растаңыз.
- Несие алуға тыйым қоя аласыз;
- Қажет болған жағдайда оны алып тастай аласыз;
- Қызметтің мәртебесін біле аласыз.
Ол смартфон қолданбайтын немесе интернетке қолжетімділігі шектеулі азаматтар үшін өте пайдалы болмақ.
Фото: Нұрболат Нұржаубай




