Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Несие кімдерге берілмейді?

Несие кімдерге берілмейді?

Енді табысы аз азаматтарға несие берілмейді. Неге?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, енді табысы аз азаматтар несие ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға қатысты. Қазіргі сәтте күнкөріс деңгейі 31 183 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жұмыссыздарға несие берілмейтін болады. Несие алу үшін соңғы 3-12 ай аралығында алған жалақы мөлшері туралы ресми ақпарат ұсыну керек.
Бұдан өзге заңнамалық актілерге 90 күн кешіктірілгеннен кейін жеке тұлғаларға барлық қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар үшін тұрақсыздық айыбы мен алымдарды алуға тыйым салатын түзетулер әзірленді. Бұл қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие көлемінің өсуін шектейді. 
02 қаңтар 2020 ж. 1 002 0