№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Банк алаяқтарға алданған азаматтардың қарызын кешіре ме?

Банк алаяқтарға алданған азаматтардың қарызын кешіре ме?

Бүгінде алаяқтар түрі айла қолданып, қазақстандықтарды алдап жүр. Оның ішінде, алаяқтардың құрығына түсіп, қыруар несие алып жіберетіндер бар. Алаяқтар сізге білдірмей де несие алып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? Несиені өзіңіз алмасаңыз банк оны кешіруі мүмкін бе? Бұл туралы Massaget.kz 

Құжат, жеке куәлік немесе басқа да құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз алаяқтар атыңызға несие рәсімдеп алуы мүмкін
Атыңызға заңсыз несие рәсімделгені туралы ақпаратты несие тарихыңызға қарап біле аласыз. Несие тарихын тексеру - алаяқтардан қорғанудағы "сақтандыру" секілді. Яғни егер бір рет болсын несие алған болсаңыз ол туралы ақпарат арнайы базада болады.
 
Атыңызда сіз алмаған несие болса не істеу керек? 

Ең біріншіден, несие қай банктен алынғанын біліңіз. Егер бұл ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу периметрінде болса жақсы. Мұны қаржы реттеушісінің сайтында тексеруге болады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына арыз жазу керек. Құжатқа қол қойған адамның қолын тексеретін арнайы сараптама тағайындалады. 
Несие қай банктен алынғанын білгеннен кейін сол мекемеге барып, барлық жайтты түсіндіру қажет. Мекемеде ішкі қызметтік тергеу жүргізуді талап етіңіз. Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде тіркелуі керек. Өтінішті қабылдаған күні бар тіркеу нөмірі сіз өзіңізге қалдырған өтініштің көшірмелеріне де қойылуы керек.
Сонымен қатар, несие берген ұйым сізге келісімшарт, оған тіркелген құжаттар және ақша аударылған шот туралы деректердің көшірмесін беруі қажет. Одан бөлек, келісімшартты жасаған қызметкер туралы ақпарат алғаныңыз да абзал. 
Егер банк бұл ақпараттарды беруден бас тартса, сіз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз. 

Алаяқты қалай табуға болады? 

Егер несие кредит берілетін автоматтар арқылы алынса сол құрылғыларда орнатылған камералар арқылы табуға болады. 
Егер несие онлайн алынған болса, полиция алаяқтың IP мекенжайын біле алады. Мұндай әдіс арқылы бейтаныс адамдардан бөлек өзіңіздің жақындарыңыз, достарыңыз, таныстарыңыз, жалпы жеке құжаттарыңыз бен банк картаңызды сеніп тапсырған адам несие рәсімдеп алуы мүмкін. 
Егер банк несиені алаяқтар алғанын дәлелдей алмаса тұрғылықты жеріңіз бойынша сотқа жүгінуіңіз керек. Сотта бұл алаяқтардың ісі екені дәлелденген жағдайда банк мына талаптарды орындауы керек: 
сізден қарызды төлеуді талап етуді тоқтатуы қажет;
қарызды есептен шығаруы керек;
кредиттік бюроға сіздің несие тарихыңыздан басқа біреудің қарызы бойынша ақпаратты алып тастау туралы хат жолдауы қажет.
15 қаңтар 2024 ж. 231 0