№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда жаңа норма бойынша кімнің несиесі есептен шығарылады

Қазақстанда жаңа норма бойынша кімнің несиесі есептен шығарылады


1 қыркүйектен бастап банктер заңсыз ресімделген барлық несиелерді есептен шығаруға міндетті. Енді жаңа несиелерден ерікті түрде бас тартқан азаматтар да осы санатқа ілігеді

Әр қазақстандық жаңадан несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады. Егер өтініш қабылданса, ешбір банк немесе микроқаржы ұйымы оған жаңа несие бере алмайды. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, егер кредитор тыйым салынған кезде несие берсе, ол азаматтан оны төлеуді талап етуге құқығы жоқ. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енді. Сонымен қатар банк қателікті анықтағаннан кейін үш күн ішінде несиені есептен шығаруы керек. Бұдан кейін олар қарызды өндіре алмайды, талап-арыз жаза алмайды. Әрі заңсыз несие туралы ақпаратты алып тастап, клиенттің несие тарихын түзетуі қажет.
Заң бойынша банктер екі санаттағы азаматтардың несиелерін есептен шығаруға міндетті:

Несиелерден ерікті түрде бас тартқан тұлғалар;
2024 жылы 1 000 АЕК немесе 3 692 000 теңгеден асатын несие рәсімдеуге жұбайының келісімі болмаған тұлғалар.

Басқа несиені жабу үшін несие алғандар ерікті түрде бас тарта алмайды. Сонымен қатар 2024 жылы 75 АЕК аспайтын лимиттегі кредиттік карталар да солай. Бұған дейін Қазақстанда банктерге алаяқтық жолмен алынған несиелерді есептен шығару міндеттелген. Норма 20 тамыздан бастап күшіне енген.
09 қыркүйек 2024 ж. 143 0