№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауған ардагерлеріне тағзым

Ауған ардагерлеріне тағзым


А.Әділов атындағы №86 орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанының 36 жыл толуына орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының ақпан айындағы «Жасампаздық және жаңашылдық» айдары бойынша апта дәйексөзі «Шығармашыл бала – ойлы бала» бағытында өрбіді.


Келелі кездесуге кенттегі ауған соғысының ардагерлері Береке Едігеев, Жұмағали Кенжетөреев, Алмас Сәрсенбаев, Амангелді Жазыбаев арнайы шақырылды. Шара жат елде жүріп, жан тапсырған жаңақорғандық жерлесіміз Мұхтар Нарымбетовті еске ала отырып, бір минут үнсіздік жариялаумен басталды. Жауынгер Мұхтардың «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталғаны, оның атында аудан орталығында көше аты бар екені атап өтілді. Осы он жылға жуық созылған ұрыста екі мыңнан аса сарбаз мүгедек болып елге оралды, оның 18- і ізсіз жоғалып кетті, бұл айтуға оңай болғанымен оның ар жағында қаншама тағдыр жатыр, бұның барлығы сол кездегі солақай саясаттың кесірінен болғанын видео-роликтер арқылы қатысып отырған оқушылар жан-жақты ұғынды. Ауған жерінде өшпес ерлік көрсеткен халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, лақап аты «қара майор» атанған Борис Керімбаев, тағы сол сияқты жерлестеріміздің соғыстағы айла-әрекеттері, тактикасы, ерліктері видео-роликтер арқылы көрсетілді.
Мектеп оқушылары ауған ардагерлеріне қазақ хал­қының белгілі ақындары жазып кеткен ерлік жолы туралы өлеңдерді оқыды. Ауған соғысы ардагерлеріне сұрақтар қойылды. Ж.Кенжетөреев вертолет экипажында қызмет еткенін әңгімелесе, А.Жазыбаев көлік қызметінде болғанын алға тартты. А.Сәрсенбаев пен Б.Едігеев құрлық әскерінде жүрген жылдарын әңгімелеп берді.
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды сақтау – ортақ міндетіміз. Ауған соғысы ардагерлері елжандылық қасиетті жоғары сынып оқушыларына жан-жақты ұғындырып, ақ баталарын берді.
Мектеп директоры Б.Сайтмұратов ауған соғысы арда­герлеріне өзінің тілегін жеткізді. Бүгінгі іс-шараны ұйым­дастырып отырған сынып жетекшісіне алғыс айтып, еңбегіне сәттілік тіледі. Бейінді оқыту жөніндегі орынбасар А.Бижикеев өзінің мектепке мұғалім болып келген жылдарынан бастап ауған ардагерлері мен оқушылардың кездесуін өткізудегі мақсаты – жас өскінді патриоттық тәрбиеге баулу екенін айтты. Кездесуді қорытындылаған сынып жетекшісі келген қонақтарға сый-сыяпат жасады.

А.БИЖИКЕЕВ,
директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

22 ақпан 2025 ж. 1 223 0