Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУҒАН СОҒЫСЫ - ҰМЫТЫЛМАС ТАРИХ

АУҒАН СОҒЫСЫ - ҰМЫТЫЛМАС ТАРИХ



"AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы "Сунақата" бастауыш партия ұйымында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 36 жыл толуына орай "Ауған соғысы - ұмытылмас тарих" атты ауған соғысы ардагерімен кездесу кеші өтті.
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан жауынгер Әбибулла Әбдраманұлы арнайы шақырылды. Шара ең алдымен ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Ауған соғысы ардагері әскери қызметі туралы естеліктерімен бөлісті.
Кездесу кешінде көркемөнерпаздардың патриоттық әндері шырқалды.
13 ақпан 2025 ж. 244 0