Тұмаудың алдын-алу шаралары!

Тұмаудың маусымдық кезеңінде профилактикалық әдістердің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу қажет. Науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды жинау жүргізу қажет.
Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жуу болып табылады.
Тұмаудан кейінгі асқынулар өте қауіпті, себебі тұмау вирустары ең бірінші орында тыныс жолдарын бактериялардан тазартып тұратын эпителииді зақымдап, оның қызметін жояды. Эпителиидің қорғаныш қызметінің бұзылуынан организмге бактериялардың енуіне жол ашылады, содан асқынулар пайда болады.
Тұмау ауруынан кейінгі асқынулар:
- ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы
- отит- құлақтың қабынуы
- бронхит-бронхылардың шырышты қабаттырының қабынуы
- пневмония-өкпенің қабынуы
- миокардит-жүрек бұлшық еттерінің қабынуы
- перикардит-жүректің серозды қабатының қабынуы
- миозит- бұлшықеттердің қабынуы
- пиелонефрит-бүйрек ткандерінің қабынуы
-менингит-жұлын және бас миының қабынуы
-энцефалит-бас миының қабынуы
Тұмауды алдын алу үшін 1. Ең тиімді, сенімді жол-тұмауға қарсы егілу (вакцинация)
2.Үйдің ауасын жиі желдету арқылы тазарту, бөлмелерді дымқыл шүберекпен сүртіп тазарту.
3. Бөлмелерді қалыпты температуралық режимде ұстау.
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5.Қолды жиі жуу немесе бірреттік ылғалды қол орамал пайдалану немесе беторамалдарды жиі ауыстыру
6. Дене шынықтыру, таза ауада көбірек болу
7. Құнарлы және сапалы тамақтану
8. Әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксалин майымен майлап отрыу
9. Халықтың жиі шоғырланатын жерінде болуды шектеу
Тұмаудың алғашқы белгілері басталғаннан бастап өз бетіңізше ем жүргізбей, дәрігерге қаралу қажеттігін естен шығармаған жөн.
Р.Ахметова,
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы