» » Дарынды шәкірт, білікті ұстаз

Дарынды шәкірт, білікті ұстаз


2024-2025 оқу жылында республикалық пәндік олимпиада мен ғылыми жобалардан орын алған оқушылар мен жетекшілерінің бірлесе жеткен жетістіктерін, дарынды оқушылардың ата-аналарын марапаттау мақсатында №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектепте керемет кеш ұйымдастырылды. Мектеп директорының орынбасары Меруерт Шерімбетованың ұйымдастыруымен «Дарынды шәкірт, білікті ұстаз» атты шарада ата-аналар мен бірге оқушылар мен ұстаздар да құрмет төрінде болды.


Рухани кешке ауыл әкімі Икрам Азизұлы да арнайы қатысып, ізгі тілегін, ыстық ілтипатын білдірді. Алдымен мектеп директоры Асылжан Утебаев шараны ашып беріп, жетістікке жеткен оқушыларды арнайы кубоктар мен аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапаттады. Жетекшілері мен ата-аналарға мектепішілік «Алғыс хаттар» табысталды.
Соңғы жылдары оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауларға қызығушылық артты. Барлық саланың шарықтау шегі ғылым болғандықтан, әрбір балаға болашақ мамандығының, туған өлке мен өзге де өзекті мәселелерге ғылыми көзқараспен қарауы тиіс.
Сонымен Меруерт Шерімбетованың ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара өте-жоғарғы деңгейде өрбіді. Өйткені, мұндай мағыналы кездесулер кез келген ата-ана үшін қуаныш, мақтаныш болса, шәкірт пен ұстаз үшін үлкен мәртебе. Әрі шабыт беретін тамаша тетік болады. Сондықтан келген қонақтар керемет көңіл-күймен тарқасты.
– Балаларымыздың олимпиадаларға жиі барып, ғылыми жобаларға басымдық беруіне қуанамыз. Бүгін мен болашақтың кілті білімде, сол себепті мектеп қабырғасынан баланы осылай біліммен тереңірек сусындатқан ұстаздарға алғыс айтамыз. Бұл жұмыстар келешекте өз жемісін береді, – деді ата-налар.
Басқосу соңында арнайы меймандар қызметке жаңадан келген мектеп басшылығына өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта тек сәттілік тіледі. Өз кезегінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Шерімбетова бұдан ары қарайда осы іс-шара жылдан-жылға дәстүрге айналатынын айтып өтті.

Меруерт Шерімбетова,
№52 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары

08 ақпан 2025 ж. 242 0