№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тұрақтылық тетігі

Тұрақтылық тетігі


2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында құрылған дүниежүзілік сайлау күні болып 6-ақпан бекітілген болатын. Атаулы мереке қарсаңында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өмірбек Ілиясовпен байланысып, елдегі ахуалды жүйеледік.


Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары қоғамның санасын демократияландыру процесінің қалыптасуын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға бейімділігін қалыптастыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады, – деді төраға.
Сайлау халықтық егемендікті іске асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік механизмінің жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылатыны рас. Біздің елде азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін сайлауға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан дауыс беруге қатысады.
– Ауданда сайлауды дайындауды және өткізуді тікелей ұйымдастыратын сайлау органдарының жүйесіне 1 аудандық аумақтық, 15 округтік, 42 учаскелік сайлау комиссиялары кіреді. Бұл комиссияларда 354 адам қызмет етеді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының үш мүшесі кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейді. Қалғандары, былайша айтқандай, қоғамдық негізде. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №142 шешімімен аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдары алдағы бес жылдық мерзімге құрылды. 2024 жылы №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Жаңақорған аудандық мәслихатының депутатының, өкілеттік мерзімі аяқталған Сунақата және сонымен қатар өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Қыраш, Ақүйік ауылдық округтерінің әкімдері сайлауы өткізілді. Президенттің жарлығымен 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі республикалық референдум комиссиясы бекіткен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 2 қыркүйек пен 6 қазан аралығында аудан көлемінде республикалық реферндумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі тиісті жұмыстар жасалды, – дейді ол.
2025 жылы бекітілген кестеге сәйкес 26 қаңтарда өкілеттік мерзімі аяқталғанн Қандөз ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілсе, наурыз-шілде айлары аралығында өкілеттік мерзімдері аяқталатын Қандөз, Жайылма, Аққорған, Өзгент, Қосүйеңкі, Манап, Екпінді, Қожамберді, Көктөбе, Жаманбай, Келінтөбе, Кейден, Байкенже, Талап, Қожакент ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілетін болады. Ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлауы үлкен нәтижеге алып келеді. Бұл сынақ осыдан екі жыл енгізілген болатын. Ауданда мұндай тәжрибе бірнеше ауылда сынақтан өткенін белгілі. Ендігі кезек қалған ауылдарға келді.
– Сайлау күні аясында, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жоспары бекітіліп, сайлау құқығының негіздерін қалыптастыру мақсатында 6 ақпан күні Аудандық аумақтық, №310 учаскелік сайлау комиссиясында «Ашық есік күндерін», Аудандық сайлау комиссиясында сайлау ардагерлерімен кездесу, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен «Сайлау туралы сұрағыңызды қойыңыз» тақырыбында кездесулер, №334, 336, 339, 340 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен №51, 56, 163, 125 жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен «Мен болашақ сайлаушымын», «Сайлау туралы сұрағыңызды қойыңыз», «Әркімнің дауысы маңызды» тақырыптарында сынып сағаттары, іскерлік ойындар, болашақ сайлаушылар пікірталастары өткізіледі, – дейді Өмірбек Жұмабекұлы.
Сөз соңында сайлау комиссияларының барлық мүшелерін Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтай отырып, қызметтеріне сәттілік тіледік.

Әлібек ТЕМІРБЕК
04 ақпан 2025 ж. 202 0