№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Былтыр 140 мыңнан астам қазақстандық шетелге жұмыс іздеп кеткен

Былтыр 140 мыңнан астам қазақстандық шетелге жұмыс іздеп кеткен

Отандастарымыз жұмыс барысымен жиі баратын елдер қатарында Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания және БАӘ бар.
Ұлыбританияда екі жыл бойы маусымдық жұмыстарда жұмыс істеген Думан Кеңшілік көпшіліктің шетелге кетуге ұмтылуына жалақы айырмашылығы мен еңбек нарығының жай-күйі себеп болып отыр дейді.  Айтуынша, Батыс Еуропа елдеріндегі жалақы мен еңбек жағдайлары әлдеқайда жақсы. Мысалы, Ұлыбританияда жұмыс істеген бірнеше ай Қазақстандағы ұқсас кәсіптің жылдық табысына тең кірісті қамтамасыз ете алады. Сондықтан көптеген адам қысқа мерзімде қаржылық мәселелерді шешу үшін осындай қадамға барады.
- Қазақстанда IT саласында маман болып жұмыс істедім, бірақ жалақы күнделікті шығындарды, атап айтсақ, ипотека мен жеке шығындарды әрең жапты. Сол себееті қосымша табыс көздерін табуға тырыстым. Бір сәтте отандық жарнама порталдарының бірінен Ұлыбританияда құлпынай жинау үшін жұмысшылар қажет екендігі туралы хабарландыруды көрдім. Жалақы жоғары, ал шарттары ыңғайлы болды. Ойланбастан жұмыстан шығу туралы өтініш жазып, Англияға бардым. Шетелде қиын жұмыс істеу ұят емес, өйткені онда табыс жоғары. Жергілікті тұрғындар мұндай жұмыстарға қызығушылық танытпайды. Біз үшін жақсы табыс олар үшін өте төмен жалақы болып саналады. Мен құлпынай жинау және жүк тасымалдау саласында жұмыс істедім. Жұмыс күні 10-12 сағатты құрады, ал табыс сағатына 5000 теңгеден астам болды»,—деді ол.
Еуропада біліктілігі төмен жұмыстарда жұмыс істеуге тек қазақстандықтар ғана , Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Румыния және Болгария азаматтары да жиі қызығушылық танытады.  Ең бастысы — еңбек қауіпсіздігі және көші-қон саясаты ережелерін сақтау.  Атап өту керек, Еуропада жұмыс визалары 3 айдан 6 айға дейін беріледі.
Еске салайық, өткен жылы 4 446 қазақстандық Ұлыбританияға, 3 000 - БАӘ-ге, 6 595 - Түркияға және 101 622-Ресейге жұмыс іздеп кеткен.
03 ақпан 2025 ж. 162 0