№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

№15 (8829) 25

25 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Инвестиция – өңір дамуының өзегі

Инвестиция – өңір дамуының өзегі


Соңғы үш жылда Сыр еліне құйылған инвестиция көлемінің көптігі көңіл қуантады. Облыс орталығы ғана емес, аудандарда демеушілікпен келген қаржыға қаншама тындырымды тірліктер жасалуда. Бұл жөнінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев баяндады. Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.


– Өңірде негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Өсім – 16,6 пайыз, – деді өңір басшысы.
Былтыр Жаңақорған ауданында бір ғана алма баққа салынған инвестицияның өзі аймақ нарығын өніммен қамтамасыз етуге жетті. Сол секілді биыл да атқрылар шаруа жетерлік екенін естідік. Жалпы аймақтың экономикалық өсімі 7 пайызды құрады (2023 жылы – 107,3%). Өзіңіздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асыпты. Бұл үлкен жетістік, биыл да инвесторлардың қолдауының арқасында өңір экономикасы тағы да еңсе тіктеп қалады деген сенімдеміз.

Қаржыбек БҮРКІТБАЕВ,
қаржы саласының ардагер

01 ақпан 2025 ж. 138 0