№7 (8821) 28

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (8820) 25

25 қаңтар 2025 ж.

№5 (8819) 21

21 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Инвестиция ел игілігі үшін

Инвестиция ел игілігі үшін

Соңғы үш жылда Сыр еліне құйылған инвестиция көлемінің көптігі көңіл қуантады. Облыс орталығы ғана емес, аудандарда демеушілікпен келген қаржыға қаншама тындырымды тірліктер жасалуда. Бұл жөнінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев баяндады. Яғни, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
– Өңірде негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Өсім – 16,6 пайыз, – деді өңір басшысы.
Былтыр Жаңақорған ауданында бір ғана алма баққа салынған инвестицияның өзі аймақ нарығын өніммен қамтамасыз етуге жетті. Сол секілді биыл да атқрылар шаруа жетерлік екенін естідік. Жалпы аймақтың экономикалық өсімі 7 пайызды құрады (2023 жылы – 107,3%). Өзіңіздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асыпты. Бұл үлкен жетістік, биыл да инвесторлардың қолдауының арқасында өңір экономикасы тағы да еңсе тіктеп қалады деген сенімдеміз.

Қаржыбек БҮРКІТБАЕВ,
ардагер
28 қаңтар 2025 ж. 169 0