Соңғы жаңалықтар

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Креативті ұстаз

Креативті ұстаз


Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту – заманның басты талабы болып отыр. Осы жайттардың барлығын жүзеге асыратын тұлға – ұстаз. Ұстаздың тәлімін алмайтын пенде болмас. Нағыз ұстаз болу – үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік пен балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атқа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндер білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?


Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштай дамыған шағында мектеп қабырғасындағы маңызды терминдердің бірі – «креативті ұстаз», «креативті ұстаздың құзыреттілігі». Креативті ұстаз деп №163 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Мадиеваны айтуға болады. Мөлдір ұстаз шәкіртіне тек сапалы білім беріп қана қоймай, оларды қазіргі заманға сай цифрлық сауаттылығы дамытып, жан-жақсы интербелсенді болуына ықпал етті. Сабақтарында әртүрлі жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдануымен қатар, оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, әрқайссының өз сара жолын қалыптастыра алды.
Сонымен қатар Мөлдір ұстаз ұжым ішіндеде белсенді болады. Әріптестерімен тіл табысуы, ұжыммен жұмыс жасауы, өзі жұмыс атқарып отырған мекеменің заманауи болып алға қарай, ілгері дамуына бірден – бір септігін тигізе білді.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгенімен қатар, бойындағы бар жинап - терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре отырып, балалардың парасатты болып шығуын мақсат еткен ұстазға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Ең бастысы, мұғалім деген мәртебелі есімді жоғары ұстап жүрген жандардың биігі бір төбе.

Жәмила ЕРМАХАН
28 қаңтар 2025 ж. 180 0