» » "Ұлағатты ұстаздың дара жолы"

"Ұлағатты ұстаздың дара жолы"



Бүгін аудандық партия филиалының, «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі және №54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектебімен Жаманбай батыр ауылдық клуб үйінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Білім беру саласының үздігі, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ағарту саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Зинабдин Шермағамбетовтің 80 жасқа толуына орай өзі оқып білім алған әрі басшылық еткен мектепте «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ДАРА ЖОЛЫ» атты кездесу кеші өтті.
Мектепке арнайы Зинабдин Шермағанбетұлының әр кезеңдегі фото суреттер тізбегі, өмірбаяны жазылған билборд,кітап сөресі (суреттері,кітаптары) көрме ретінде қойылды.

Шара барысында ақыл-парасаты терең, рухы биік, көзқарасы кемел тұлға, кең мінез келбетіне жарасып тұратын ел ағасы Зинабдин Шермағанбетұлының «Балалық шаққа саяхат», «Сағындырған студенттік кездер –ай», «Отбасы – бақыт мекені» және «Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек» атты еңбек жолдарынан сыр шертріп, бейне материалдар көрсетілді. Кеш барысында ән шашулар шашылып, қазіргі жас ұрпаққа, жас мамандарға үлгі боларлықтай тарихи сұхбат жасалынды.
Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты да осы болатын.
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, Зинабдин ағайымызда сондай ұстаз бола білді.Әр бір шәкіртінің бойынан ағайымыздың тәлімін көруге болады.Ұстаз берген тәлім еш қашан шәкіріт бойынан өшпейді.Өйткені ол салған сара жол болашаққа жетелер тура жол екені сөзсіз.
Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.
14 қараша 2023 ж. 152 0