№45 (8859) 21

21 маусым 2025 ж.

№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖОЛ КАРТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖОЛ КАРТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Бүгін партия алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымын «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асыруға бағытталған Жол картасына мониторинг және бақылау жүргізетін органдардың бірлескен отырысы өтті. Штаб отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы, облыстық мәслихаттағы партияның фракция жетекшісі, облыстық басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы партия филиалдарының Атқарушы хатшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.

Жиында Сайлауалды бағдарламаның 2024 жылы іске асырылу қорытындылары талқыланып, штабтың алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Жалпы өңірде өткен жылы Жол картада жоспарланған 116 іс-шараның 105 орындалды. Бұл 90,6% құрайды. 6 іс - шара орындалу сатысында.

«Жайлы мектеп жобасы аясында 2100 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық қан орталығы, 11 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандары және Сексеуіл кентіндегі аурухана пайдалануға берілді. Сонымен бірге, медицина ұйымдары жоғары технологиялық құралдармен жабдықталды.

15 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 44,6 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады. Қызылорда қаласының жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Жер аманаты» жобасы бойынша жоспар 110,7 пайызға орындалып, 77,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1 млрд. теңгеге 150 жоба несиелендірілді. Сонымен бірге қосымша бөлінген 1,5 млрд. теңге бүгінгі күні игерілу үстінде.

Жиын барысында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берген партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов: «бұл атқарылған істердің бір бөлігі ғана және басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе жасалған жұмыстар нәтижесі»,- деп атап өтті.

Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын мониторингілейтін және бақылайтын бірлескен штабтың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары 6 тармақтан тұрады. Онда жоспардан тыс отырыстарды қоспағанда, Жол картаның тәуекелді тармақтары және оларды жою бойынша қабылданатын ықтимал шешімдерді қабылдау үшін тоқсан сайын бас қосу және төртінші тоқсанда штаб отырысын ай сайын өткізу жоспарланған. Бұл Жол карта тармақтарының алдағы жылға қаржыландыру жағдайын, жылдық жоспардың мерзімді, сапалы орындалуына ықпал етпек.

Жалпы Жол картасы облыстық басқармалармен бірлесіп және аймақты дамытудың жоспарлау құжаттарымен синхрондалып әзірленген. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты әртүрлі себептермен Жол картасында көрсетілген меже орындалмай қалуы мүмкін. Осы ретте облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қандай жағдай болмасын, сайлауалды бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізілуі керектігін атап өтіп, штаб өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Яғни, облыстық экономика және қаржы басқармасына, республикалық Жол картаға енген өңірлік жұмыстарды жүзеге асыру мен орындалуын бақылауға алу, сонымен қатар штаб төрағасының орынбасары ретінде, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановқа ақпан айынан бастап, апта сайын өңірлік Жол картаның орындалуы жөнінде жауапты басқармаларды, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарларын тыңдап, мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Атап өту керек, «AMANAT» партиясы халықа берген уәделердің орындалуы бойынша республикалық деңгейде мәжілістегі фракциясында, Партиялық бақылау Комитетінінің, жергілікті жерлерде мәслихаттардағы фракциялары отырыстарында кеңінен талқылап, Үкімет және жергілікті әкімдік өкілдерінің есебін тыңдап келеді. Қызылорда өңіріндегі атқарылған жұмыстар есебі ақпан айында Партиялық бақылау Комитеті отырысында қаралады деп жоспарланып отыр.
22 қаңтар 2025 ж. 81 0