№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «АMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА

«АMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА

Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция жетекшісінің орынбасары Бибасарова Лаура Әбілханқызы төрағалық еткен отырысқа аудан әкімі Самитов Мажит Самитұлы қатысты. Фракция отырысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша іске асырудың Жол картасының орындалуы туралы аудан әкімі Мажит Самитұлының есебі тыңдалды.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында ағымдағы жылдың қорытындысымен бірқатар индикаторлары туралы сөз қозғалды. Атап айтқанда: өнеркәсіп өндірісі 16,5%, өңдеу өнеркәсібі 18,1%-ға. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 20,8%-ға, негізгі капиталға салынған инвестиция 33,2%-ға, бөлшек сауда 5,2%-ға артса, ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі өткен жылғы деңгейде болды.
Бұдан өзге Аудан көлеміндегі электр бағаналары мен желілерін жаңарту бағытында жасалынып жатқан жұмыстар мен елді мекендерді газдандыру, жолдарды жөндеу бағыттарына және ауыз сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік кезек бойынша жер телімдерін беру бойынша жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Мұнымен қоса аудан әкімі аудан бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таба беретіндігін тілге тиек етті.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісінше жауаптар алынды.
#AMANAT
25 желтоқсан 2024 ж. 98 0