ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" АШЫЛДЫ
Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Республика бойынша қолға алынған жоба аясында салынып жатқан мектептер аз емес. "AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған құрылыс нысаны Жаңарық ауылдық округіндегі 300 орындық білім ошағы пайдалануға берілді. Бой көтерген ғимараттың жобалық қуаты 300 орындық. 2023 жылдың желтоқсан айында бастау алған мектеп құрылысын «Алтын Айдарлы» ЖШС - і жүргізді. Жоба құны - 2,6 млрд. теңге. Жаңа жылдың алғашқы күндері ұрпақ игілігі үшін берілген білім ордасы ауылдың еңсесін көтерді.
Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов және бірқатар шығармашылық өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды",- деді.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қолға алынған Сыр өңіріндегі байыпты бастамалардың, мақсатты жобалардың игілігін халық көруде. Білімді азамат – егемен еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы. Қандай мықты мемлекет болмасын, жас ұрпақтың білімі мен оқу-ағарту ісіне барынша көңіл бөледі.
Бүгін табысталған жаңа білім ғимаратынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болғай”,-деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты іс шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, Мәжіліс депутаты Мұрат Абдуламитұлы жиылған жұртшылықты құттықтады.
Сонымен қатар, ауылдың өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.