Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жаңақорған ауданындағы іс сапарын Партияның Сайлауалды бағдарламасына енгізілген, партиялық бақылау бекеті орнатылған Жаңарық ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысымен танысумен жалғастырды.
2023 жылдың желтоқсан айында бастау алған мектеп құрылысын «Алтын Айдарлы» ЖШС - і жүргізуде. Жоба құны - 2,6 млрд. теңге.
Мектеп 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс басында 100-ге жуық жұмысшы жұмыс жасауда. Оның 30-ға жуығы жергілікті жерден қамтылған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 60% - ға аяқталып тұр.
Мәжіліс депутаттары құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған «Алтын Айдарлы» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.
05 шілде 2024 ж. 270 0