Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандық боксшы Латын Америкасының чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Латын Америкасының чемпионы атанды

Qazaq Titan лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Латын Америкасының UBC Continental чемпионы атанды. 

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) кәсіпқой бокстан Латын Америкасы құрлығының UBC Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Колумбияның Санта-Марта қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасып, 1 раундта (26 секунд) нокаутпен ұтты.
Айта кетейік, Алмат Жұманов Қазақстан Рекордтар кітабына үш мәрте рекорд тіркеген, жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
18 желтоқсан 2024 ж. 213 0