Соңғы жаңалықтар

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНКТЕ 137 ОРЫНҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНКТЕ 137 ОРЫНҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ



Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуін иеленгеннен кейін BoxRec рейтингінде 137 саты жоғарылады. Отандасымыз 6 шілде күні Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде аргентиналық боксшы Мауро Годойды (31-5-1, 16 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осы жеңісінен кейін қазақстандық боксшы рейтингте 204-орыннан 67-орынға бір-ақ көтерілді. Тізімге барлығы 1690 боксшы енген. Жанқош Тұраров бақ сынайтын салмақта WBA (Super) чемпионы америкалық Реджис Прогрейс (24-0, 20 КО) көш бастап тұр. Одан кейінгі орында IBF чемпионы британдық Джош Тейлор (15-0, 17 КО) келеді. WBO чемпиондық атағына ие америкалық Морис Хуккер (26-0-3, 17) үздік үштікке енген. Осы салмақта жұдырықтасатын тағы бір боксшымыз Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 22-орында тұр. Айта кетейік, Жанқош Тұраров екіжылдық үзілістен кейін барып шаршы алаңға оралды. Британдық MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімге қол қойып, ұзақ уақытқа созылған демалысынан кейінгі бірінші жекпе-жегін 1 маусым күні Кардиффте өткізді. Ганалық боксшы Ричмонд Джанбергті (29-4-1, 23 КО) нокаутпен ұтты.

21 шілде 2019 ж. 1 107 0