Криптовалюта дегеніміз не және оны қалай пайдаланамыз?
Криптовалюта дегеніміз — кез келген цифрлық немесе виртуалды валюта. Мұндай валюталарды онлайн кеңістікте қорғау үшін крипт не шифрлар қолданылады. Әлемде мұндай валютаны өздігінен шығаратын және бақылауда ұстайтын арнайы орталық банк, үкімет немесе қандай да бір басқа ұйым жоқ. Ол майнинг (ағылшын тілінің mining «пайдалы қазбаларды өндіру» деген түсінігінен алынған) деп аталатын процесс барысында, біріккен серверлер кешені — арнайы майнинг фермаларында онлайн пайда болады. Олардың есептеу қуаты күрделі математикалық есептерді шешуге қолданылады және осындай есептеулердің нәтижесінде криптовалюталық монеталар пайда болады.
Криптовалютаны заң жүзінде рұқсат етілген кез келген елдің кез келген адамы пайдалана алады, яғни тұтас әлем бойынша төлемді қабылдайды және жөнелтеді. Криптовалюта цифрлық әмиянда сақталады.
Криптовалютаны тауарлар мен қызметтерді, акцияларды, облигацияларды сатып алу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ «криптаны» ақша табу мақсатында да ұстайтындар бар: кейде оның бағасы өседі, осы кезде адамдар оны сатады. Криптовалюта арқылы жүзеге асқан барлық операциялардың жазбасы арнайы деректер базасында сақталады, ол блокчейн деп аталады. Блокчейндер белгілі бір криптовалюта қожайындарына тиесілі.
Ең алғашқы криптовалюта – биткоин әлемде 2009 жылы пайда болды. Кейінірек Ethereum, Litecoin, Ripple және т.б. айналымға енді.
Криптовалюта сатып алу үшін онлайн нарықтағы сатушылар – брокерлерге жүгіну қажет. Олар арзанырақ криптовалюта ұсынуы мүмкін, алайда оның функциялары да аз болады. Сонымен қатар криптовалюталардың онлайн биржасы да бар. Мұндай сауда алаңдары өте көп әрі олардың әрқайсысы криптовалютаның алуан түрі мен оларды сақтау тәсілдерін ұсынады. Биржалар криптовалюталарды сатып алу және сату аралығындағы баға айырмашылығынан түскен пайыздан пайда көреді.
Криптоалаяқтардың тұзағынан қалай құтыламыз?
Криптовалюта неғұрлым танымал болған сайын, оларды сату барысында соғұрлым көп алаяқтық әрекеттер жүзеге асып жатыр. Алаяқтар алдап соғудың түрлі амалын ойлап табады:
– Криптовалюта сату туралы ойдан шығарылғанөтірік пікірлер жазылған жалған сайттағы өтірікшын емес криптобиржа. Олар адамдарды егер монетаны үнемі тек осы жерден алып тұрсаңыз, жоғары пайыз ұсынамыз деп сендіреді.
– Онлайн пирамидалар. Алаяқтар крипто сатып алуға жаңа сатып алушыларды тартсаңыз, жоғары табыс ұсынамыз деп алдайды. BitClub Network қаржы пирамидасы осындай арам жолмен 700 миллион доллардан астам кіріс көрген. Әйтсе де түбінде жоба алаяқтық әрекеттерді пайдаланады деп танылып, 2019 жылдың соңына қарай жабылды.
– Басқа біреудің есімін жамылу. Алаяқтар өздерін криптовалюта арқылы байып кеткен миллиардерлер секілді ұстайды. Оны тексеру мүмкін емес, ешқандай дәлел жоқ. Олар көп жағдайда елді дүрліктіру үшін танымал бизнесмендердің есімдерін қолданады. Инвесторлар криптовалюта сатып алады, оның бағасы көтеріледі, алаяқтар өз үлесін сатып үлгереді, артынша баға қайта құлдырайды. Қалғандары өз активтерін тиімді бағаға сата алмайтындақтан, ақшаларынан айырылады.
– Танысуға арналған түрлі қолданбаларда, әлеуметтік желілерде жаңа таныстар өздерінен виртуалды валюта сатып алуға үгіттеп жатады. Ақшаны қолдарына түсіргеннен кейін олар ізім-ғайым жоғалады. Полицияға мұндай алаяқтар туралы хабарламаның жүзі келіп түседі.
– Криптовалюта сақталатын виртуалды әмиянды бұзу қиын емес. Адамдар сілтемені ашады немесе деректерін енгізеді, ал алаяқтар оның әмиянын бұзып, виртуалды валютасын жымқырып алады.
Есіңізде болсын, ақша ешқашан жеңіл жолмен келмейді. Криптовалютаға ақша салмай тұрып, бұл сұрақты толыққанды қарастырып, қолжетімді материалдарды түгел зерттеу қажет. Криптовалюта сатып алуды ұсынатын адамдар барлық жеке құжаттарын және валютаға қатысты қағаздарын көрсетуге тиіс. Әлеуметтік желілердегі жарнамаларға, бейтаныс қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз.
Әлеуметтік желілердегі жарнамаларға, бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына алданып қалмаңыздар. Тек өзіңіз жақсы түсінетін салаға ғана инвестиция салуға болады! Жоғары пайда көретініңізге кепілдік береміз деген уәжге күмәнмен қарағаныңыз дұрыс – кез келген инвестицияда ақша жоғалту қаупі бар.
fingramota.kz