Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 545

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Басқарма басшысы жеңімпаз спортшыларды қабылдады

Басқарма басшысы жеңімпаз спортшыларды қабылдады


Жақында Семей қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын.
Байрақты бәсекеге Қызылорда облысының үздік 14 спортшысы қатысып, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының командасы Шымкент, Түркістан, Абай облыстарының спортшыларымен жалпыкомандалық сайыста сынға түсіп, айқын басымдықпен жеңімпаз атанды. Тиісінше, бұл самбодан Сыр өңірі тарихындағы алғашқы жеңіс болып саналады.
Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев жеңімпаз атанған Сыр спортшылары мен олардың жаттықтырушысы Дархан Сержановты арнайы қабылдап, спортшыларды теңдессіз жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар, басқарма басшысы спортшыларға әрдайым қолдау көрсетілетінін және жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысу үшін тыңғылықты дайындықты үзбеу керектігін атап өтті.
Жиын соңында спортшылар басқарма басшысымен естелік суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
17 желтоқсан 2024 ж. 316 0