Спорт жаңалықтары
Үш медаль. Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем кубогінде ел құрамасы сапында қызылордалық спортшылар үш медаль алып қайтты.
Жарыс барысында Нұрасыл Тілектесов (57 келі) чемпион атанды. Ал Диас Карманов (57 келі) пен Заманбек Әбдіхай (91 келіден жоғары үшінші орынға жайғасты.
Спортшыларды жарысқа кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Қайрат Байқуатов дайындады.
Ол жарыс барысында дайындығы жоғары екенін көрсетті. Қарсыластарын қапы қалдырып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Оны жарысқа Нұржан Ақпанбет дайындады.
Жалағаш ауданы «Наркескен» спорт клубында тәлім алатын Нұрислам Орынбасар (73 келі) 2-орын, Қайсар Төлеген (78 келі) мен Азамат Зәуребаев (95 келі) үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ, Сырдария ауданынан Төлеген Жеңісбек (95 келіден жоғары) пен Қобыланды Әмірбек (68 келі) қола жүлде алды.
Облыс командасы қыркүйек айында Өзбекстанның Хиуа қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Жарыс барысында Нұрасыл Тілектесов (57 келі) чемпион атанды. Ал Диас Карманов (57 келі) пен Заманбек Әбдіхай (91 келіден жоғары үшінші орынға жайғасты.
Спортшыларды жарысқа кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Қайрат Байқуатов дайындады.
Мөлдір – чемпион
Қырғызстанның Бішкек қаласында каратэ-додан Орта Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай жеңімпаз тұғырынан көрінді.Ол жарыс барысында дайындығы жоғары екенін көрсетті. Қарсыластарын қапы қалдырып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Оны жарысқа Нұржан Ақпанбет дайындады.
Бір күміс, төрт қола
Қостанай қаласында өткен гір спортынан Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз бір күміс, төрт қола алды.Жалағаш ауданы «Наркескен» спорт клубында тәлім алатын Нұрислам Орынбасар (73 келі) 2-орын, Қайсар Төлеген (78 келі) мен Азамат Зәуребаев (95 келі) үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ, Сырдария ауданынан Төлеген Жеңісбек (95 келіден жоғары) пен Қобыланды Әмірбек (68 келі) қола жүлде алды.
Облыс командасы қыркүйек айында Өзбекстанның Хиуа қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.