№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Білім туралы құжаттарды тану

Білім туралы құжаттарды тану

Білім туралы құжатты тану куәлігін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек, заңдастырылған немесе апостиль қойылған білімі туралы құжаттың көшірмесі, оның қосымшалары, нотариалды куәландырылған аудармасы болуы қажет.

Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы шетелдік құжаттар тануға жатады. Айта кету керек, дипломның қосымшасын тану рәсімі үшін міндетті құжат болып саналады.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен еуропалық қосымша(diploma supplement), белгілі бір саладағы біліктілігі бар кәсіби қайта даярлау туралы диплом, «Болашақ» халықаралық стипендиясын алған, шетелдік университеттер, ғылыми орталықтар мен зертханалар Қазақстан азаматтарына берген білім туралы құжаттар өтпейді.
11 желтоқсан 2024 ж. 381 0