№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль дегеніміз не? Апостиль дегеніміз-заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. Апостиль мөрі құжаттардың түрнұықалары мен көшірмелеріне қойылады.
Гаага конвенциясына сәйкес басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, бір мемлекеттіңөкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның  кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөртаңба ешқандай да растауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылды және құжаттарды апостил қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостил қою үшін мемлекеттік баж салығы айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1202.5 теңге алынады.  
Гаага конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тараптарға беру мен ұсынудың ең тиімді  механизмін қамтамасыз етуге арналған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады. Алыс шетелдерге жолдануға жататын апостиленген құжаттар мемлекеттің келбеті іспеттес болып табылады. Құжат ұсынылуға жататын мемлекет Гаага Конвенциясына мүше ел болған жағдайда ғана апостил қойылады.
Қазақстан Республикасында сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті жүзеге асырады. Сот органдарынан келіп түскен ресмиқұжаттарды астанаға бармай ресмилендіруді қолайлы ету үшін, оның заңды күшін басқа мемлекетте растайтын арнайы мөртаңба қойылған құжаттарды алу үшін сізге жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот  органдарынан келіп түскен ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш толтыру керек және мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостилдеу бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді. Сотқа апостиль қоюға өтініш беру үшін сізге өз тұрғылықты жеріңіздің облысындағы Соттар әкімшісіне, мысалға, Қызылорда облысы бойынша (Қызылорда қаласы, Әйтеке би  көшесі №29 мекен жайы бойынша) Қазақстан Республикасы Жоғрғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі Республикалық мемлекеттік мекемесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгіну керек.
Құжаттарды қабылдау сағат 9:00 ден 12:00-ге дейін
Құжаттарды беру сағат 16:00 ден 18:30 дейін.
(демалыс және мереке күндерінен басқа)
Жүгіну кезінде өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы керек.
  1. Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілген қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы).
  2. Мемлекеттік қызмет стандартының №1 қосымшасына сәйкес өтініш.
  3. Сот органдарынан шығатын ресми құжат.
  4. Қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариальды куәландырылған сенімхат.
  5. Қызметті алушының Т.А.Ә. өзгергендігін растайтын құжаттың көшірмесі.
  6. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Апостиль қоюға төленетін мемлекеттік баж салығының деректемелері төмендегідей.
Бенефициар (алушы)-БСН-090440021657
Бюджеттік саралау коды- БСК-108126
Төлем атауы апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы.
Мемлекеттік баждың сомасы 1202.5 теңге

Б.Налибаева,
Жаңақорған аудандық сотының
Кеңсе меңгерушісі:                                                             
11 наурыз 2021 ж. 753 0