Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ тілі – халқымыздың күретамыры

Қазақ тілі – халқымыздың күретамыры


Фото: assembly.kz
Тіл – барша ұлттың жаны болса, күллі халықтың үні. Ол күрделі әрі жүйелі құбылыс. Тілдің құдіреті мен қасиетінде шек жоқ. Өйткені, кез-келген мемлекеттің елдігін айшықтайтын, өзгеден өзгешелейтін осы тіл. Сондықтан, ана тілдің тазалығын таразылап, оны ұрпақтан ұрпаққа қадірлей жеткізу баршамызға ортақ аманат.
Ана тілі туралы ой қозғағанда мемлекеттік тіл категориясына тоқталу маңызды екені рас. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығына арнайы тоқталып, «Қазақтың тілі – қазақтың жаны!», - деп қазақ тілінің тазалығын сақтау мен құрметтеуді насихаттаудан жалыққан емес.
«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», – деді Президент.
Иә, ана тілі – ел рухын көтеретін, елдің біртұтастығы мен рухани дамуының басты тетігі. Мемлекеттік тіл – елдікті айқындайтын байрақ пен елтаңба, әнұран сынды дәрежесі биік ел байлығының бірі. Сондықтан, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебіне ерекше көңіл бөлгеніміз абзал.
Тілдің тазалығын сақтап, әр сөзіне екпін қойған азамат қазақ тілінің тілдік құрылымына үлкен жауаптылықпен қарайтыны анық. Өйткені, сөз тазалығы қазіргі біздің қоғамға қажет дүние. Себебі, қазақ тілінде сөйлейтін әр адам тіл жанашыры ретінде сөз тазалығына жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Қазақ тілінде таза әрі анық сөйлеу – ұлтқа, туған жер мен халыққа деген үлкен ілтипаттың ізгілігі.
Осы орайда, күнделікті қарым-қатынаста қолданатын әрбір сөз бен айтылар ойға мұқият болғанымыз жөн. Десе де, халық арасында аузындағы аталы сөзін дұрыс айтпай, тіпті, мінберлерде қазақ тіліне өзге тілді араластырып сөйлейтіндердің кездесетіні жасырын емес. Тіл тазалығын сақтау туралы көптеген басқосулар мен жиындарда көтеріліп жатса да, кей өңірлерде нәтиженің аздығы аңғарылады. Алайда, біз ұлттық тілімізді ұлықтаудан жалықпай, қолымыз қалт еткенде айналамыз бен өскелең ұрпаққа бабадан қалған қасиетті тілімізді насихаттасақ тіліміздің болашағы жарқын болары хақ. Өйткені, қаза тілі – бабадан қалған асыл мұра, ұлтымыздың тамыры тереңде жатқан төл тарихының күретамыры.
Айсұлу Алданазар.
09 желтоқсан 2024 ж. 65 0