Арал дәрігерлері түйенің астында қалған баланы аман алып қалды
Арал көп бейінді орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері түйенің астында қалған төрт жасар қызды құтқарды.
Тамилла әкесімен балабақшадан қайтып келе жатқанда, желіп бара жатқан түйеге тап болады. Жануар сүрініп, оларға бар салмағымен құлайды. Салдарынан бала бас-ми жарақатын алған. Ер адам зардап шеккен жоқ. Кішкентай пациент шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Түйе бар салмағымен қызымның үстіне құлаған. Құдай сақтап, аман қалды. Тамилла ауыр жағдайда болды. Қазір денсаулық жағдайы тұрақтанды. Дәрігерлерге дер кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын», – дейді анасы Нағима Жұмағалиева.
Диагностикалық тексеру кезінде баланың бас сүйегінде шытынау анықталған.
«Бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, құлағынан қан кеткен. КТ арқылы тексеру жүргізілді. Бас сүйегінің самай бөлігінде шытынау анықталды. Мида қан ұюы белгілері жоқ. Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтарымен кеңестік. Консервативтіем ұсынылды, науқас бақылауда», -деді Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Тұрғанбек Ерсеитов.
Бала тиісті емін алып, үйіне шығарылды, деп хабарлады дәрігерлер. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалында атап өткендей, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдігі бар санатқа жатады, олар үшін МӘМС аударымдарын мемлекет жасайды. Сондықтан медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.
2024 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде Арал көп бейінді орталық аудандық ауруханасына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 7,5 млрд. теңге қаражат бөлінді.