Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент

«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент


«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, алкоголь өніміне қойылатын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және орындауға міндетті талаптарды, олармен байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау (тасымалдану), өткізу және қайта өңдеу процестеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін алкоголь өнімін таңбалауға және буып-түюге қойылатын
талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, алкоголь өнімін тұтынушыларды оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленген.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын алкоголь өніміне қолданылады.
Осы техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері:
  Алкоголь өнімі,
  алкоголь өніміне қойылатын талаптарға байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау (тасымалдау), сату және кәдеге жарату процестері болып табылады.
Алкоголь өнімін айналымға шығаруға ол осы техникалық регламенттің, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы №769 шешімімен(бұдан әрі – КО ТР005/2011)бекітілген «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттерінің (КО ТР005/2011) және Кеден одағының «Тағамдық қоспалар қауіпсіздігінің талаптары» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келген кезде жол беріледі (КО ТР029/2012.
Мынадай алкоголь өнімін өткізуге және оның айналымына тыйым салынады:
1) сәйкестікті бағалау (растау) рәсімінен өтпеген;
2) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін;
3) жарамдылық мерзімі өткен;
4)қаңылтыр ыдыста(сыра қайнату өнімдерімен алкогольсіз сусындардан басқа);
5)пластикалық ыдыста(сыра қайнату өнімін түпкілікті тұтынушыға құюды қоспағанда);
6)КО ТР005/2011 техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ыдыста және қаптамада;
7) есепке алу-бақылау маркасы жоқ, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жатады;
8) жапсырмасы жоқ бөтелкелердегі;
9) тиісті таңбалаусыз (тұтынушы үшін ақпарат);
10) іске асырудың тиісті шарттары болмаған кезде.
Алкоголь өнімінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау мынадай нысандарда жүргізіледі:
1) декларациялау нысанындағы сәйкестікті растау (жаңа түрдегі алкоголь өнімін қоспағанда);
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес алкоголь өнімінің жаңа түрін мемлекеттік тіркеу.
 Алкоголь өнімінің сәйкестігін бағалау кезінде дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде өтініш беруші бола алады.

М.Сандыбайқызы,
бөлім басшысы                             
09 желтоқсан 2024 ж. 94 0