Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балабақша – болашақтың бастауы

Балабақша – болашақтың бастауы


Жуырда Машбек Нәлібаев ауылындағы №17 «Әділ» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бірлік пен ынтымақ» атты аймақтық-семинар кеңес өтті. Семинарға қатысушылар бөбекжай ұжымының жұмысымен танысты.


Жиынды балабқшаның педагог-пси­хологы Ұлбосын Асанова «Бірлік пен ынтымақ» атты тренингпен бастап, бірлік пен ынтымақ үйлесім тапқан жерге береке орнайтынын алға тартты. Ары қарай педагог-дефектолог Мөлдір Қошқарова жеке баламен жұмыс барысын көрсетіп, тренинг барысында екі бүлдіршінмен жеке-жеке ұсақ қол моторикасын дамытудың түрлі тәсілдерін бөлісті.
– Кез-келген өсіп келе жатқан баланың миына саусақ моторикасы арқылы сигнал береміз. Бала кез-келген дүниені ұстап көру арқылы дамиды. Бала саусағының басында майда нерв жүйелері көп. Сол нүктелер затты сезіну арқылы басқа сигнал береді. Сондықтан қашан да баланың саусақ моторикасын дамыту өте маңызды, – дейді Мөлдір Қошқарова.
Одан әрі, балабақша тәрбиешілері өз топтарындағы балалармен оқу әрекеттерін көрсетіп, түрлі тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, «Бөбек» тобының тәрбиешісі Мария Каунаева «Сиқырлы сандық» оқу әрекеті барысында 1 жасар балапандардың саусақ моторикасын дамыту үшін өте жұмсақ заттармен жұмыс жасатты. Балалар түйдектелген жіптер мен өздері отырған көрпешелерін апайларына жинап апарып, сиқырлы сандық базарлығына ие болды. Нәтижесінде, балғындар жіппен танысып әрі еңбекке тәрбиеленді.
Сонымен қатар, кіші балапан тобының тәрбиешісі «Ұлттық киім» тақырыбындағы оқу әрекетінде ұлттық киімді ұлықтап, балаларды қазақы нақыштағы бабадан қалған киімдермен таныстырды. Ал, ортаңғы «Жұлдыз» тобының жетекшісі Ақсәуле Төрәлі балаларды 3 ай күзде балабақша қызметкерлерінің аулада атқарған жұмыстарымен таныстырып, «Күзгі еңбек» тақырыбындағы оқу әрекетінде сол жұмыстарды талқылады. Бүлдіршіндерге еңбек етудің маңыздылығын түсіндірді.
«Күн нұры» ересек тобының тәлімгері Теңгеш Сарыбаева «Ұлттық ою-өрнек» тақырыбында оқу әрекетін өтіп, балғындармен бірге шимен жүн түту, киіз басу, кілемше тоқу жұмыстарын жасады.
– Ұлттық ою-өрнек – біздің ұлттық болмысымыздың бір көрінісі. Сонау баба­дан келе жатқан кілем тоқу, киіз басу жұмыстарымен бала күннен танысып өскен бүлдіршіндер болашақта нағыз ұлттың жанашыры болып, өзінің шыққан тегін ұмытпайды деп есептеймін. Осыны ескере отырып, балабақша ұжымымен бірге осы ауылға танымал ұстаз әрі кілем тоқу ісінің шебері Айткүл Дүйсенбаева апайымызға қолқа салып, баласына арнайы кішкентай кілем тоқитын станок жасаттық. Мұндағы мақсат – балғындардың осы прцесті өз көзімен көруіне жағдай жасау, күнделікті қолданысағы төсеніштің қалай пайда болатынымен таныстыру, - дейді балабақша меңгерушісі Кенжекүл Назарова.
Айта кетейік, семинар барысында балабақша қызметкерлері Айнұр Торғаева, Назерке Оспан, мейірбике Асылзада Шертаева мен Ғалия Туғанбаева «Шабыт» қуыршақ театрын құрып, «Бай мен тәуіп» атты қойылым көрсетті.
Аталмыш шара ары қарай мерекелік кешке ұласып, балабақшаның музыка жетекшісі Өскенбай Байқожаевтың дайындауымен бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтып, би билесе, бірі музыкалық аспапта ойнап, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айсұлу Алданазар
07 желтоқсан 2024 ж. 144 0