ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ МЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ
Соңғы бес жылда мемлекеттен берілетін субсидия, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз қаржы мен гранттар еліміздегі шағын бизнестің өркендеуіне үлкен септігін тигізіп келеді. Оны сарапшылар импортқа тәуелділік азайып, экспорт көлемінің артуымен байланыстырады. Мәселен, күнделікті тұтынатын азық-түлік пен техникалық тауарлар өзімізде өндіріліп, ішкі нарықты реттей бастады. Осындай қолдаудың арқасында Сыр өңірінде өңдеу өнеркәсібі мен өнім өндіру және шикізат дайындауда шағын және орта бизнес саласы қатты қарқын алды. Әсіресе, аграрлы салаға жаңа леп келіп, нарықта сұраныс артып, бәсеке қалыптасып үлгерді. Оны аудандағы шаруалардың ілкімді істерінен көруге болады.
Дамыған елдердің экономикасының негізгі қайнар көзі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Алпауыт елдердің көшінде қазір Қытай тұр, бұл елде бір кәспкер бір өнім шығаруға қабілетті. Өйткені, бұл елде алыпсатарлық, саудада ішкі бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, елдің күнкөрісі қиындай береді. Сондықтан Қытай билігі шағын бизнестің дамуына баса мән берді. Бұл жүйе Жапония, АҚШ және өзге елдерде жүзеге асып келеді. Түркияда да шағын кәсіптің көкжиегі кеңейіп, олар әлемдік нарыққа өз өнімдерін брендтеп үлгерді. Әр бизнес өкілі шағын цех ашып, экспортқа шығара алатын тауар өндіруді жақсы жолға қоя білді. Міне, біздің биліктің де шағын кәсіпке көңіл бөлуі осында жатыр.
Алдымен субсидия мәселесіне мән берейік. Өйткені, қайтарымсыз қаржының бастауы осында жатыр. Ауылшаруашылығы саласын субсидиялау процесі кейінірек өндіріске де екпін бере бастады. Бірақ, бұл бастама соңғы уақытта көп сынның астында қалды. «Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет» деді Президент. Яғни таяу жылдары агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау механизмі тоқтайды. Оның орнына жеңілдікпен несие беру тетігі енгізілмек. Аталған әдіс Президенттің тапсырмасы бойынша 2028 жылдың соңына дейін қолданысқа енуге тиіс. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені тек қана мемлекет қаржысына сүйенбеу керек. Салаға коммерциялық банктер де тартылуы қажет. Алдағы уақытта агроөнеркәсіптің жайы не болмақ? Агроөнеркәсіп кешеніне мемлекет қамқорлығы жыл санап артып келеді. Енді бұған қаржы ұйымдары да несиелендіру арқылы атсалысуға тиіс. Субсидияның орнын несие басуға тиіс Агроөнеркәсіп кешеніне субсидия бергенді доғару керек. Оның орнына жеңілдетілген несие беруді енгізу қажет. Жалпы субсидия дегеніміз – бұл мемлекет бюджетінен немесе қор қаражатынан бөлінетін қайтарылмайтын қаржылай көмек. Ол тек белгілі мақсаттарға беріліп, субсидия алушы шығынының бір бөлігін өтейді. Қайтарылмайтын қаржы болған соң екінің бірі жолын тауып қармап қалуға ықылас білдіріп келді. Байдың асын байғұс қызғаныпты болмасын, бірақ елге жаны ашиды деген азаматтардың өзі тайталасып жүріп қайтарымсыз қаржыны қарпып алып қалу жолында түрлі әрекеттерге барып жүргенін естіп қаламыз. Қайтарымсыз қаржы, яғни мемлекеттен шағын кәсіпке берілетін гранттың басталғанына 5 жылдан асты. Осы уақыт аралығында аудандағы шағын кәсіп иелері қаншама қолдауға ие болды. Жыл сайын берілетін қаржы көлемі артып, облыс бойынша озық келе жатқан біздің аудан. Мәселен, биылғы жылдың өзінде 166 тұрғын грантқа қол жеткізді. Жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында бірінші лек бойынша 161 адамның өтініші қаралып, 82-сі қолдау тапты. Ал, екінші лек бойынша 193 адамның 84-і қолдауға ие болған. Бір кәсіп иесіне берілетін қаржы көлемі – 1 476 800 теңгені (400 АЕК) құрайды. Бұл енді ісін ілгерілетуге талпынып жүргендерге сәл болса да демеу болады. Ал, кәсібі барларға кәдімгідей көмек болғаны ақиқат. – Өнім шығару, қайта өңдеу мен шикізат өндіру ісінде ілгерілеу бар. Аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, жаңадан қаншама жұмыс орындары ашылып, жас кәсіпкерлер шыға бастады. Мемлекеттен берілетін жеңілдіктің нәтижесінде ауданның экономикасы мен тұрғындардың әлеуеті артып келе жатқаны ақиқат. Әсіресе, өндірісте өркендеу бары қуантады. Мәселен, сабын шығару, құрама жем өндіру, жылыжай ісі, басқа да қаншама байыпты бастамалар жүзеге асуда. Осының барлығы қайтарымсыз қаржы мен жеңілдетілген несие және субсидиялардың тірек болуынан туындап отырғаны жасырын емес. Мүмкіндік болса, бұдан да жақсы нәтижеге жұмыс жасап, бизнес өкілдері ішкі нарықты реттейді деп үміттенеміз, – деді «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков. «Ауыл аманаты» кімдерге тиімді? Қазіргі кәсіп бастаушылар мен шағын ісін ілгерілетушілерге бұл бағдарламаның берері көп. Аталмыш бағдарлама арқылы қызылордалықтар былтыр 3 млрд теңгеге қол жеткізіп, 700-ден аса жұмыс орны ашылған. Берілген рұқсат бойынша 400-ден аса жуық жоба қаржыландырылыпты. Оның ішінде басым бөлігі мал шаруашылығына бағытталған. 216 жоба агроөнім өңдеу, егіншілік, ауылшаруашылығы техникасын алу және мал шаруашылығына бағытталған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтер жалпы 716 млн теңге несиеге ие болған екен. 51 өндірістік кооператив құрылып, соның 31-і ғана төмендетілген пайыздық несие алыпты. Ал, биылғы меже қандай? – Биыл Сыр өңіріне 4 млрд 596 млн несие беру көзделіп отыр. Бұл қаржыға 575 жоба мақұлданады. Оның ішінде ауылдарға басымдық беріледі. Былтыр 106 жоба елді мекен кәсіпкерлерне берілсе, биыл олардың саны 146-ға жетті. 600-ден аса жұмыс орны құрылып, шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау болады деген үміттеміз, – деді облыстық ауылшаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің басшысы Гүлмира Рахымжанқызы.
Жауапты маман аудандардағы мәліметті салыстырып берді. Биыл қорғалатын жобалардың көбі Жаңақорған мен Шиелі ауданына тиесілі екен. Қос ауданға бөлінгелі тұрған қаржы көлемі 1,5 млрд теңгеге жуық. Жобаның саны 200-ден асады. Осы орайда аудандағы жауапты өкілдер, сала мамандары қорғалуға ұсынылатын 305 жобаның құжаты дайын екенін айтты. Жалпы «Ауыл аманаты» бағдарламасы өте тиімді жоба. Жобаға байланысты аймақ басшысы да қатаң талап қойған болатын. Әсіресе, мал басын көбейтуге байланысты қатаң тексеруді талап етті. Оның себебі де жоқ емес, несие болсын, қайтарымсыз қаржы болсын мал басын көбейтуге берілген қаржы өзге мақсатқа бұрылып кетпеуі керек. Ауданға берілетін 100 жобаның тең жартысынан көбі мал бағытына ойысуы мүмкін. Аграрлы салаға бет бұрсақ ұтылмаймыз. Сол секілді жеңілдетілген несиенің де берері мол. Кепілге кез келген жылжымайтын мүлікті қойып, қомақты қаржы алғандар орта кәсіпке бет бұра бастады. Оның ішінде, көңілге қонымды болған тұсы-отбасылық кәсіптің кеңейгені. Бұл істе шағын кәсіпке дем бергендер де аз емес. Осы жобаны тиімді пайдалана алғандар арасында «Бір ауыл – бір өнім» атты бастаманы қолдап жатқандары да бар. Түйіндей айтқанда, қайтарымсыз қаржының кәсіпке әжептеуір қарқын бере бастағанын биылдан бастап сезіндік. Оған бір ғана дәлел, нарық бағасы мен сапаның артқандығы. Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ