№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шағын кәсіпкерлік – шаруасы ширақ

Шағын кәсіпкерлік – шаруасы ширақ

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендеп, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе елдің әлеуеті артып, жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Бұл қағиданың нақты нәтижесін озық елдердің тәжірибесінен көруге болады. Мәселен, млрд-тан астам халқы бар қытайлықтар ішкі нарықты өз өнімдерімен толық қамтамасыз етуде. Яғни, әр отбасы кәсіппен айналысуы міндетті, жапондықтар да осы жүйеде. Тіпті, өзбек ағайындары да экспорт әлеуетін арттырып, өндірісті кеңейтіп келеді. Біздің елде де соңғы жылдары осы салаға көбірек басымдық беріліп, қолдау күшейді. Төмен пайызбен берілетін несие, қайтарымсыз қаржы, яғни гранттар, басқа да жеңілдіктердің барлығы шағын кәсіпті қолдау үшін жасалынып жатқан шаралар.

Жаңақорған ауданының да бұл бағытта әлеуеті арта түсті. Соңғы үш жылды арып қарасақ, ауылшаруашылығы мен сауда саласымен қатар өнім өңдеу ісі әжептеуір ілгерілеген. Құрылыс заттарын шығару, күнделікті тұтынатын тауарлар, техника құрастыру сынды жобалар жүзеге асуда. Жалпы шағын кәсіптің бүгінгі хал-ахуалы туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаевтан білдік.
– Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 204 жобаға 1 млрд 301 млн теңгенің қаржылай қолдауы көрсетілді. Оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы (бұрынғы атауы) арқылы 100,6 млн теңгені құрайтын 73 жоба грант жеңіп алса, 131 жобаға 1 млрд 200 млн теңгенің несиесі берілген. Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 54 жобаға 391,0 млн теңге «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 54 жобаға 512 млн теңге және «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 23 жобаға 297,8 млн теңге берілді. Сондай-ақ, «Ұлттық жоба» аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 26 жобаға 952 млн теңге қаралды, – деді бөлім басшысы.
Көпшілік асыға күтіп жүрген 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие. Қазір жаңақорғандықтардың көбі осы бағдарлама аясында бизнесін бастауға ниетті. «Ауыл аманаты» деп аталатын жобаның бағыт-бағдары мен негізгі мақсаты туралы түсініп алғанымыз жөн.
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінен 5 бағыттан тұрады. Өндірістік-кооператив, өңдеу-өндіріс, өсімдік, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бағыты. Бұл бағыттар бойынша біздің ауданда ұсынылған жоба аз емес. Тың жобалар жетерлік, жылыжай, балық шаруашылығы, құрылыс тауарларын өндіру және өзге де жобалар көп. Құжат қабылдау жүріп жатыр, бұл бағдарлама аясында несие алуға 3 млрд 400 млн теңгені құрайтын 505 жоба іріктелген. Ал бөлшек сауда көлемі 3 млрд 405 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады, – деді М.Нұртазаев.
Иә, біздің ауданда мал шаруасы жоғары көрсеткіште, енді өндіріс бағытына басымдық берген жөн дейді сала басшысы. Өйткені, отандық өнім кейінгі кезде бағаны шарықтатып жіберген нарық бағасын реттейтіні ақиқат. Әсіресе, сан құбылатын азық-түлік, оның ішінде бақша өнімдерін өгейлетпей, өзімізден қысы-жазы өндірсек баға да тұрақталады. Бұл да керемет нәтиже, сол секілді шикізаттан өнім шығару да қолға алына бастады.
Қосымша айта кетейін, жалпы шағын және орта кәсіпкерлік саласында ауданда 7230 кәсіпкер тіркелген. Биыл алты ай ішінде 1629 кәсіпкер ресми құқық алып, жеке ісін жүзеге асыруда. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны – 6960. Белсенділік көрсеткіші 96,8 пайыз. Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд 599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көрсетілген. Міне, жұмыс жүйесі бар, енді тек өнім шығару, өндіріс саласына серпін беретін кез келді. Сонда ғана ел әлеуеті тұрақтанып, табыс көзі арта түседі.

Әлібек ТЕМІРБЕК
18 қазан 2023 ж. 1 478 0