Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 6 пайыздық несиені кімдер алады?

6 пайыздық несиені кімдер алады?



Қазір шағын және орта бизнесті қолдау бағытында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдік жетерлік. Қайтарымсыз қаржы, яғни гранттың екі түрі мен жеңілдетілген несие осының айғағы. Биылдан бастап жас кәсіп иелеріне 2,5 пайызбен несие беру жобасы мақұлданып, құжаттар қабылданып, сәуір айында берілу жоспарлануда. Ең бастысы, бизнес жоспарыңыз бен кепілге қоятын мүлкіңіз болса болғаны. Бірақ биыл облыс бойынша 250-ден астам жас пен 600-ден астам ауыл азаматы аталмыш жобаның игілігін көреді деп жоспарлануда. Саны шектеулі, ал, жалпылама тағы бір жеңілдік түрі бар. Ол – 6 пайыздық несие.
Бұл бағдарламаның игілігін халық көріп, нәпақасын да айырып отырған жайы бар. Жобаның Жаңақорғандағы ахуалын білу мақсатында тағы бір зерделеуді көздедік. Өйткені, бұл несие түрін әлі де білмейтіндер көп көрінеді. Оны қалай алады, кімдерге беріледі? Осы сауалдар төңірегінде “Атамекен” Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбековпен байланыстық. –Бұл жеңілдікке кез келген кәсіпке ынталы адамдар қол жеткізе алады. Ол үшін алдымен несие тарихы таза болуы керек. Кепіл мүлкі болуы тиіс, кепілге қойылатын мүлік біреудің атында болса да болады. Тек иесі келісім беріп, нотариат арқылы рұқсат берсе ғана құжат қабылданады. Несие 5 жылға беріледі, ал, мал шаруашылығы болса 7 жылға дейін созылады. Қаржы алғаннан кейін 6-12 айға дейін жеңілдік кезеңі бар, яғни, осы аралықта кәсіпкерлерге мүмкіндік беріледі. Бизнес өз-өзін ақтағаннан кейін барып төлей бастайды. Егер мүлік ауылдық жерден болса, кәсіпкер мүліктің бағаланған құнының 50 пайызын ғана алады, ал, аудан орталығынан болса 60-70 пайызына дейін ала алады. Мәселен, кенттегі мүлік құны 10 млн болса, соның 6-7 млнға дейін нисие алуға құқы бар, – деді аудандық филиал директоры. Бұл несие кәсіпкерлік бағытында, осыны әлі түсіне алмай жүргендер бар. Тұтынушылық несие ол бөлек. Оны кез келген банк бере береді. Қаржыландыру көзі Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы, екінші көзі “Аграрлы” несие корпорация арқылы беріледі. Шарттары осы, ең негізгісі, қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс. Жалпы біздің ауданда алушылардың саны жыл сайын артпаса, кеміген емес. – Біздің аудан аграрлы саласы дамыған аймақ болғандықтан, кәсіпкерлер көбіне мал шаруасын бағытқа алады. Сондай-ақ, құрылыс саласы мен жаңа жобаларға да несие алушылар көбейді. Грант алып, кәсібін бастаған, бірақ қосымша қаржы жетпей қалған жастар осы жобаға көп иек артады. Бұл бүгінгі ауданның бағыт-бағдары.
– Сіздердің мекеме тарапынан қандай қызмет қарастырылған?
– Біз осы жеңілдетілген несиеге құжат өткізетін жандардың құжаттар жинақтауға, бизнес планын жазуға, тиісті мекемеге дейін алып барып, жауапты мамандарға жолықтыруға жұмыс жасаймыз. Әрі, әкімшілік кедергілер болса сол бойынша мәселені шешуге, алдын алуға тырысамыз, қаржы ұйымдармен бірлесе отырып мән-жайды анықтаймыз. Бізде басқа да сервистік қызмет түрлері бар, салық есептіліктерді тапсыру, мемлекеттік сатып алу бойынша және басқа да қызмет түрлері жеткілікті. 6 пайыздық несие дегенге қазір қырын қарайтындар бар. Өйткені, көбісі 5 млн теңгенің гранты мен 2,5 пайыздық несиені алуға ниетті. Әрине, бұл да дұрыс таңдау. Дегенмен, нағыз мұқтаж болып, кәсібіңізге керек болса неге 6 пайыздықты алмасқа. Мемлекет берген кез келген жеңілдікті ұтымды пайдаланып қалған әлдеқайда дұрыс. Әлемдегі дамыған елдердің негізгі экономикасы шағын бизнес өкілдері. АҚШ, Жапония, Франция сынды елдердің нарығында шағын кәсіптің көкжиегі кең. Алысқа бармай-ақ, көршілес өзбек ағайындары да осы жолды жүйелеп алған. Олардың басымдық берген саласы ауылшаруашылығы мен құрылыс қуаты. Бізде шағын кәсіпкерлік ендіенді еңсе көтеріп, жаңа жобалар жүзеге асып келеді. Біздің ауданның өзінде әжетхана қағазын өндіретін, сабын шығарып, желім жасайтын шағын цехтар жұмыс жасайды. Міне, осындай бизнес әлеуетіне мүмкіндік берген абзалырақ болар еді. Кеше Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру қажет екенін айтты. Биылдың өзінде жастар мен ауыл азаматтарына 2,5 пайызбен несие беру үшін облысқа 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл – үлкен қолдау. Кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін жақсы мүмкіндік. Сол секілді біз бүгін сөз еткен 6 пайыздық несие де жақсы демеу болады. Тек тетігін табуға тиістіміз, ол үшін мүлік тауып, жоспар жүгіндесек болды. Қалай десек те, жеңілдетілген несиенің пайдаланып, бір кәсіпті күйіттеп алған жөн. Ендеше, шағын кәсіпке көбірек мән беретін кез келді.

                                                                                                                                                 Әли ТЕМІРБЕ
05 сәуір 2023 ж. 394 0