Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балық қа да қорған қажет

Балық қа да қорған қажет


Қазір бұл тіршілік иесі азайып бара жатқаны туралы дабыл қағылуда. Әсіресе, біздің ауданда су байлығы соңғы 5-6 жылда кеміген. Бұл жөнінде жауапты сала мамандары хабарлады. Оған басты себеп заңсыз балық аулау, яғни тоқпен балықты жою үрдісі тоқтайтын емес. Бұл тақырып жөнінде Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ермұханбет Баязитовпен тілдескен едік.


– Орман шаруашылығы мекемесімен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 2023 жылы балық аулау заңнамасын бұзу бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 5 жағдай анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлімімен 5 әкімшілік іс қаралып, 86000 теңге айыппұл салынып, толық өндірілді. Мәселен, Жаңақорған ауданының азаматы Б.Н 2023 жылдың 5 сәуірінде резервтік көлде балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 17 мың теңге айыппұл салынды. 2024 жылы балық аулау заңнамасы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 2 жағдай анықталып, салынған 36920 теңге айыппұл толық өндірілді. Тағы бір мысал, “О” есімді азамат 2024 жылдың 14 сәуірі күні заңсыз балық аулау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 18460 теңге айыппұл салынды, – деді директордың орынбасары.
Аталған 383-бап туралы толық түсіндіре кетейік. Бұл бап балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу деп аталады. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен су жануарларын пайдалану­дың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет үшін жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан балықты заңсыз бизнеске балап, табыс көзіне айналдыруды тоқтатқан дұрыс.

Әли ТЕМІРБЕК
30 қараша 2024 ж. 117 0