№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандық банк ЕҚДБ-дан 45 млн теңге несие алды

Қазақстандық банк ЕҚДБ-дан 45 млн теңге несие алды



Фото: Даму қоры

«Даму» қорының кепілдігімен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-на 45 млн теңгені теңгелей бөледі. Оның 40 млн доллары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға, ал 5 млн теңгесі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Даму» қорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жобаларға салынған және ЕҚДБ талаптарын қанағаттандыратын несие сомасы теңгелей 100 мыңнан 3 млн АҚШ долларына дейін барады. Салалық шектеу жоқ. Дегенмен, Астана мен Алматы секілді ірі қалалардан тыс жерлерге көп көңіл бөлінеді.
«Центр Кредит банк» ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламаларын жүзеге асырудағы және сауданы қаржыландырудағы біздің байырғы және сенімді әріптесіміз. Банк 2015 жылы ЕҚДБ-нің «Бизнестегі арулар» атты бағдарламасына қолдау көрсетіп, қосылған алғашқы қаржы институты болды. Оның аясында қаржыландыру, кеңес беру қызметтері, оқыту және тәлімгерлік қызметі қарастырылған», - деді ЕҚДБ Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманис.
Алдын ала болжам бойынша микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша берілген несиелер көлемі 21,4 млрд теңгені құрайды, 304 кәсіпкер микро, орта және шағын және әйелдер кәсіпкерлігі жобаларына қаржы алады. Олар 245 жаңа жұмыс орнын құрып, 3,1 млрд теңге салық төлейтін болады және 55 млрд теңгенің өнімін шығарады деп жоспарланған.
«Әйелдер кәсіпкерлігіне көмек көрсету бағдарламасына банк үш жылдан бері қолдау көрсетіп келеді. 2015 жылы ЕҚДБ банкке «Даму» Қорының кепілдігімен 3,7 млрд теңге бөлді. Қолда бар деректерге сәйкес, әйелдер негізінен өз табиғатына жақын, дәстүрлі салаларда жұмыс істейді. Ол – кондитерлік өнімдер шығару, дәмхана, наубайхана; медицина, сұлулық салондары; білім беру, балабақша», - деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма Төрағасы Галим Хусаинов.
Айта кетейік, «Бизнестегі арулар» бағдарламасы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, әйелдер басқаратын кәсіпорындардың қаржы көздеріне қолжетімділігіне, ғылыми-техникалық білімге (ноу-хау) және бизнесті дамытудың қаржылық емес қызметтеріне жәрдемдесуге арналған.
09 тамыз 2018 ж. 996 1

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 05:29
Viagra Pressione Alta generic viagra Voltaren Forte Medication Como Puedo Comprar Viagra Sin Receta